«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық қаулылары; Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік-құқықтық бұйрықтары; орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік-құқықтық бұйрықтары; мәслихаттардың нормативтік-құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік-құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік-құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік-құқықтық қаулылары әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады.
Бірақ осы талап 1) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік-құқықтық актілерге; 2) уәкілетті органдардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік-құқықтық актілерге; 3) мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерге; 4) үлгілік нормативтік-құқықтық актілер негізінде әзірленген және қосымша құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік-құқықтық актілерге; 4-1) мәслихаттардың бюджеттерді бекіту немесе нақтылау туралы нормативтік-құқықтық шешімдеріне; 4-2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ, әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), сондай-ақ, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдауды көздейтін нормативтік-құқықтық актілеріне; 4-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерін бекіту жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге; 5) тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін нормативтік-құқықтық актілерге қолданылмайды. Осы екі арасын біле бермейтіндіктен, кейде түсінбеушіліктер туындап қалатындығы да жасырын емес. Сондықтан, әсіресе, мемлекеттік қызметтегі жауапты тұлғаларға осы жағын біліп, көкейге түйіп жүргеннің ешбір артықтығы жоқ.
Рашид ҚАРАБАЕВ,
Ақмола облысы әділет департаментінің
нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу
бөлімінің бас маманы.