Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
5 қарашада өтетін сайлауда бес ауданның әкімі сайланады - АРҚА АЖАРЫ

5 қарашада өтетін сайлауда бес ауданның әкімі сайланады

Кеше сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясы болып өтті. Сессияда облыс әкімі Марат Ахметжанов «Ақмола облысының пилоттық өңірлерінің тізбесін және аудан әкімдерін сайлау күнін белгілеу туралы» сөз сөйледі.

Облыстық мәслихаттың төрағасы Бейбіт Жүсіповтің төрағалығымен өткен сессияның отырысына облыс прокурорының бірінші орынбасары Владимир Малахов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов және 28 депутат қатысты. Облыс әкімі депутаттарға Ақмола облысының әкімі лауазымына өзінің кандидатурасын қолдағандары үшін алғысын айта келе:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында көзделген міндет-талаптарды жұмыла орындап, азаматтарды алаңдататын мәселелерді нақтылап, оларды шешу бағытында жұмыс істеуді жолға қоюымызкерек. Жалпы, биыл елімізде алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өтеді. Бұл ел Президентінің Жолдауда белгілеп берген саяси реформаларының жалғасы, саяси процесті демократияландыруға және азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған пилоттық жоба. Бүгінгі сессияосы жаңа саяси реформаларды жүзеге асыруға байланысты өткізіліп отыр. Біздің облыста да ағымдағы жылы аудандық деңгейде әкімдерді сайлау пилоттық режимде өткізіледі. Өздеріңізге белгілі, аймақта облыстық маңызы бар 3 қала және экономикалық әлеуеті әртүрлі 17 аудан бар. Құрметті депутаттар, сіздер аудандардан сайланып келгеннен кейін өңіріміздегі жағдай өздеріңізге жақсы таныс. Сондықтан, ағымдағы жылы 5 ауданда аудан әкімдерін сайлау күні мен осы сайлау өтетін өңірлерді анықтап берулеріңізді сұраймын, – деді.

Сонымен бірге, аймақ басшысы депутаттар алдына бірқатар міндеттер қойып, егінді жинап алу, пролангация, тұқым қорын қалыптастыру және қысқы жылу беру маусымына дайындыққа байланысты туындайтын мәселелерді бірлесе шешудіалға тартты.

Еліміздің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңында көзделгеніндей, аудандарда өтетін сайлау күні кемінде 50 күн бұрын белгіленуі тиіс. Осыған байланысты мәслихат төрағасы сайлауды өткізу күнін 2023 жылғы 5 қарашаға белгілеуді ұсынып, ол депутаттар тарапынан бірауыздан қабылданды. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары Марат Қойшыбаев, Айнагүл Балташева, депутаттар Алмаз Мұхамедяев пен Қайыржан Құсайыновтың ұсыныстары мен қолдауларының және облыстық мәслихаттың депутаттарының дауыс беруінің нәтижесінде  Ақкөл, Астрахан, Шортанды, Есіл және Жақсы аудандарында аудан әкімдерін сайлау пилоттық деңгейде, халықтың өзі таңдауы негізінде өткізілетін болды.

Сонымен бірге, сессия барысында депутаттар мәслихаттың әкімдік жанындағы бірқатар консультативтік-кеңесші органдарының дербес құрамдарын келісу туралы шешімдерін қарап, өзгерістер енгізді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар