Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
7 жас маман мемлекеттік қызметке жеңілдікпен қабылданды - АРҚА АЖАРЫ

7 жас маман мемлекеттік қызметке жеңілдікпен қабылданды

Мемлекеттік қызметке қабылдануды жеңілдетуге бағытталған жаңа заңнамалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыста бірнеше тағайындауларға келісім берді.

Қазіргі уақытта жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік грант есебінен үздік білім алып шыққан түлектер диплом алғаннан соң бір жыл ішінде конкурс өткізілместен, «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындала алады. Бұл – білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру, аудан және ауыл аумағында кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін қабылданған норма.

Атап айтқанда, облыстың Шортанды, Бұланды, Атбасар, Жақсы, Қорғалжын, Егіндікөл аудандарының мемлекеттік органдарындағы төменгі лауазымдарға жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін 7 жас маманды конкурстан тыс тағайындауға келісім берілді.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шортанды, Бұланды және Қорғалжын аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы лауазымдарына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «агрономия» мамандығы бойынша бітірген 3 түлекті тағайындауға келісім берілді.

Сонымен қатар, Атбасар және Шортанды аудандарының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бас маманы лауазымдарына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «сәулет» және «кадастр» мамандықтары бойынша бітірген 2 маманды тағайындауға келісім берілді.

Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылы әкімдігінің жетекші маманы және Жақсы ауданы Чапай ауылы әкімдігініңбас маманы лауазымдарына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «жерге орналастыру» және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық бизнес және стратегиялық сауда бақылауы» мамандықтары бойынша бітірген 2 маманды тағайындауға келісім берілді.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында департамент елдің барлық аумақтарындағы жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл шараларын іске асыруда.

Жазира СЕЙІТМАҒАНБЕТОВА,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар