«Шағын және орта бизнестің дамуы оң нәтижелі»

«Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес. Оларға қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек. Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет».

Бұл мемлекет басшысының жаңа жолдауындағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағыттаған толғамды ойы. «Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді», – дейді Президентіміз. Және орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жойып, шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру, заң жобаларына өзгерістер енгізу керектігін айтып жеткізді. Оның ұсынысы сонымен қатар экономиканың осы секторын дамытуға бағытталған кешенді бағдарлама құру үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын біріктіруді қамтиды. Осы тұрғыда, Кәсіпкерлік палатасында орналасқан Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту басшыларымен сөйлесіп, жұмыс жағдайын біліп қайттым.

Мақсаттарды іске асыру үшін облыста бизнес-ахуалды жақсартуға, жеке кәсіпкерлікке, әсіресе шағын және орта бизнеске ауқымды қаржылық қолдау көрсетуге бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатқаны белгілі болды. Ақмола облысында шағын және орта бизнесті қолдауды Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы, бұрынғы «Бизнестің жол картасы – 2025» шеңберінде жүзеге асырылады. Бұны Президент жолдауында да айтып өткен.«Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген жөн. Оны шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керек» – деген. Облыста шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау мақсатында 2023 жылға 10,2 миллиард теңге бөлініп, оларды Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде мынадай бағыттар бойынша іске асыру жоспарлануда:субсидиялауға – 7825,2 миллион, кредиттерге кепілдік беруге 975,3 миллион, гранттық қаржыландыруға 189 миллион, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге 1188,7 миллион теңге бөлінген. Ағымдағы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша жалпы сомасы 29,7 миллиард теңгеге 420жоба мақұлданып, қаржыландырылған. Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша жоспарды ҚР Ұлттық экономика министрлігі осы жылға 154 бірліккежеткізген. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының қолданылу кезеңінде 2010 жылдан 2023 жылға дейін облысымызда жалпы құны 292,7 миллиард теңге болатын 5795 жоба мақұлданған. Оның ішінде:субсидиялау бойынша – 229,8 миллиард несиеге 3736 жоба; кепілдік беру бойынша – 49,3 миллиард несиеге 1800 жоба, кепілдік қаржысы 24,8 миллиардды құраса, инфрақұрылымды жүргізу бойынша-13,0 миллиардқа 59жоба, 666,3 миллионға 200 грант берілген. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде 2010-2022 жылдары оған қатысушылар 4555,3 миллиардқа өнім өндірген болса, 293,9 миллиард салық төленді және 20,4 мың жұмыс орны құрылған.Бүгінгі таңда «қарапайым заттар экономикасы» деп аталатын салаларды дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл күнделікті қолданылатын тауарлар мен қызметтер. Оларға тоқыма өнімдері мен жиһаздар, тамақ өндірісі және тағы басқалар жатады. Қазіргі уақытта «қарапайым заттар экономикасы» портфелі 56,29 милиард теңгеге өңдеуші өнеркәсіптің, АӨК саласының және қызметтердің мақұлданған және қаржыландырылған 267 жобасынан тұрады.2019-2023 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібінде 36,49 милиардқа 46 жоба, ауыл шаруашылығында  – 14,5 миллиардтеңгеге 210 жоба, қызмет көрсету саласында – 5,3 миллиардқа 11 жоба мақұлданып, 1300-ден астам жұмыс орны құрылған.

Бүгінгі таңда Ақмола облысындағы шағын және орта бизнестің даму жағдайының серпіні оң нәтижелерді көрсетуде. Мәселен, 2023 жылғы 1 тамызда:тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 11,7 пайызға өстіжәне 63,915 мың бірлікті құраған.Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 14,1 пайыз немесе 51,490 мыңнан 58,751 мың бірлікке дейін өскен.Ағымдағы жылғы 1 тоқсандағы деректерде шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 141,431 мың адамды құрап, өткен жылдан 6 пайызға артқан. Өнім шығару 1,4 пайызбен278,166 миллиардға дейін ұлғайған. Қала және аудан әкімдіктерінің мәліметіншеШОБ субъектілері 4645 жаңа жұмыс орнын құрған. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен 80 миллиард теңге салық төлемдері түссе, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 40,2 пайызға жоғары.

ШОБ өкілдерін қолдау, көмек көрсету кез-келген мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Өйткені, Дүниежүзілік банктің мәлімдеуінше, әлемдік бизнестің 90%-ын шағын және орта бизнес өкілдері құрайды.Шағын және орта кәсіпорындардың өмір  сүру  мерзімінің  қысқа болуына әсер етуші факторлар:Қаржының жетіспеушілігі; ресурс қорының әлсіздігі; салық қысымдары; қылмыстық құрылымдардың қысымы; әкімшілік кедергілердің көптігі; заң құжаттарының жетілдірілмеуі, тұрақсыздығы және әрекет етпеуі; тауар өткізу нарығының таралуы;монополияның қысымы».Сонымен қатар кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға қолайсыз реттегіш жүйе мен шектен тыс әкімшілік жүктеме кедергі келтіреді. Және доллар бағамының өсуі де еліміздегі шағын бизнес өкілдеріне зор қиыншылық тудырып жатыр. Себебі, көптеген шағын кәсіпкерлер шикізаттар мен кәсібіне қолданатын техниканы сырттан алады. Доллардың қымбаттауы бұл тауарлардың бағасын өсіріп жібереді. Елімізде осы мәселелерді шешу үшін, 2021 жылы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Нариман Әбілшайықовпен Мемлекет бас­шысының Ұлттық кәсіпкерлер палата­сының 8-ші съезінде ШОБ-ты дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленген. Оның аясында нарықтың жекелеген қаты­су­шыларына әділетсіз артықшы­лық­тар беретін заңнамалық және реттеу­ші актілердің күшін жою; ШОБ үшін реттеушілік кедергілерді қысқар­ту; шектеулі бюджет ресурстарын пай­даланудың тиімділігін арттыру үшін жеке тұлғалар алдында ұжымдық пайданың басымдығын қамтамасыз ету; жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған бизнес үшін сапалы өнеркәсіптік, инновациялық және креативті инфрақұрылымның артық ұсынысын жасауды ынталандыру; бизнестің есептілігін автоматтандыру және рұқсат беру құжаттарының санын қысқарту көзделіп отыр.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар