Өтініш берушінің бұзылған құқығы қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Целиноград ауданы Сарыкөл ауылы тұрғынының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

1994 жылы өтініш иесіне Романов ауылдық әкімшілігі (қазіргі Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі) басшысының шешімімен жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскесі, оның негізінде өмір бойы мұрагерлік иелену құқығымен мемлекеттік акт берілген. 2003 жылы өтініш беруші аталған мемлекеттік акт негізінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын тіркейді.

2023 жылы өтініш беруші жылжымайтын мүлікті одан әрі сату мақсатымен жер учаскесінің шекарасын нақтылау үшін және ескі үлгідегі мемлекеттік актіні ауыстыру қажеттілігіне байланысты Целиноград ауданының жер кадастры және тіркеу бөліміне жүгінеді. Алайда, бөлім өтінішті қарап, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жер учаскесін беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінің болмауына байланысты сәйкестендіру құжатын ауыстырудан бас тартады. Осыған орай, көрсетілетін қызметті алушы мұнымен келіспей, тиісті департаментке шағымданады.

Департамент Романов ауылдық әкімшілігі басшысының шешімі мемлекеттік корпорацияның тіркеу істерінде, мемлекеттік мұрағаттарда шынымен жоқ екенін анықтады.

Алайда, шағымды қарау барысында көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің өтініш берушіге Романов ауылдық әкімшілігі басшысының шешімі негізінде берілгендігін жоққа шығармады. Бұл туралы Мемлекеттік актінің өзінде де көрсетілген. Бұдан басқа, жер учаскесін тіркеуді жүзеге асыра отырып, мемлекеттік органдар өтініш берушінің жер учаскесіне меншік құқығын мойындады.

Жалпы, әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің сенім құқығын қорғау қағидатына байланысты мемлекеттік органдардың мұрағаттық құжаттарды тиісінше сақтамауы көрсетілетін қызметті алушы үшін ауыртпалық әкелетін салдарға алып келмеуі тиіс.

Департамент анықтық презумпциясы қағидатын басшылыққа ала және әкімшілік істің мән-жайларын зерделей отырып, өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті берушіге шағым материалдарын жіберу туралы шешім қабылдады, соның нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушыға ескі үлгідегі мемлекеттік акт ауыстырылды.

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар