Жаңа заңда талап күшейді

 Жақында ғана Мемлекет басшысы қол қойған «Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы» заң бірінші кезекте отбасы институтын сақтауға, балалар мен әйелдерді қорғауға бағытталған.

Соңғы уақыттағы ең көп талқыланған заң жобасы осы шығар. Бұл заңды жақтаушылар көп болды. Заң жобасының алдында ауқымды жұмыс атқарылды, 65 ғылыми-практикалық конференция өткізілді, халықаралық тәжірибе зерделенді, 9 елге шығу жүзеге асырылды. Талқылауға түрлі қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғам топтары тартылды. Мұның барлығы да елдегі ахуалды терең талдауға мүмкіндік берді. Қарапайым статистика, соңғы 6 жылда отбасылық-тұрмыстық саладағы 5958-ға жуық қылмыстық іс тіркеліпті. Отбасында жауапкершілік жағы қоғамда болып жатқан жағдайларға сәйкес келмеді. Ықпал етудің жаңа тетіктері қажет болды.

Аталған заңның қабылдануына қарсылық білдіргендер аталған заң балаларды алып кетуге септігін тигізеді деген пікір таратады. Бұл олай емес. Заң балаларды педофилдерден қорғауға бағытталған. Өйткені, оларға өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза көзделген. 16 жасқа дейінгі балаларды сексуалдық сипатта ұстағаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы белгіленеді. Өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстың жаңа құрамы енгізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық криминализацияланды, ол әкімшілік құқық бұзушылық дәрежесінен қылмыстық құрамға көшірілді. Енді дене ауруына ұшыратқан, бірақ, денсаулыққа жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғулар үшін 80 айлық есептік көрсеткіштен 50 тәулікке дейін қамауға алуға дейін айыппұл салынады.

Адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін 200 айлық есептік көрсеткіштен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Тәртіп бұзушыға өз жәбір көрсетушісімен бірге тұруға тыйым салу сияқты ерекше талаптарды белгілеу мүмкіндігі де маңызды жаңалық.

Абылай МҰХАНЖАРОВ,
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің
Ақмола облысы бойынша өкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар