Спорт нысандары көптеп салынуда

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қорғалжын ауданында болған жұмыс сапары барысында  Қорғалжын ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысымен  танысты.

Қазіргі таңда аталмыш ғимараттың металл қаңқасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қабырғалары мен шатырлардың сэндвич-панельдері, сонымен қатар, нысанның терезе блоктары орнатылған. Сондай-ақ, екінші қабаттың металл конструкциялары да бой көтеруде.

Учаске шебері Ақиық Ноғаевтың айтуынша, «Жаркент алғыр» құрылыс компаниясы» серіктестігі құрылысқа қажетті барлық  материалдармен қамтамасыз етілген. Нысанды 2024 жылдың төртінші тоқсанында тапсыру жоспарлануда.

– Аудан тұрғындары үшін бұл нысан спорт орталығына айналуы тиіс. Сондықтан, біз үшін ғимараттың сапалы және мерзімінде салынуы өте маңызды, – деді облыс әкімі.

Атап өтуіміз керек, осы тектес спорт нысандары Есіл, Жарқайың, Жақсы, Ерейментау аудандарында және Краснояр ауылында салынуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар