Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлыларымыздың тіл туралы аманатына адал болайық - АРҚА АЖАРЫ

Ұлыларымыздың тіл туралы аманатына адал болайық

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың  қатысуымен және құттықтау сөз сөйлеуімен Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.     

Өңір басшысы алдымен, мәдениет сарайының фойесінде ұйымдастырылған арнайы көрмені тамашалап, ұсынылған ақпаратпен танысып шықты. Көрмеге ақпараттық стендтер, мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту бойынша оқу құралдары, әдістемелік құралдар қойылған.

Салтанатты жиынға облысымыздың зиялы қауымы, тіл жанашырлары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.  Іс-шара барысында тіл саясатында нәтижелі еңбектерімен ерекшеленген ақмолалықтар марапатталып,  бір топ қатысушыларғаҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ақмола облысы әкімінің  Алғыс хаттары және биылғы жылы алғашқы рет өткізіліп отырған «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпаздары мен  мемлекеттік тілді насихаттауға арналған республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етілді.

–Халқымыздың басты мейрамдарының бірі – Қазақстан халқы тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл айтулы мерекені ұлтына адал қызмет еткен көрнекті қоғам қайраткері, Алаш арысы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай жыл сайын өткізу дәстүрге айналып отыр. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ұлт болып сақталып қалуы үшін тілдің орны айрықша екендігіне зор мән берді. Оған «Егерде біз қазақ екенімізді ұмытылып қалуды тілемесек, тіліміздің де сақталып қалу қамын қатар ойлауымыз керек» деген сөздері айқын дәлел.  Тіл – ұлтымыздың ұлы қазынасы, халқымыздың рухани қуатының негізі. Ғасырлар бойы  талай қиындықты басынан кешкен халқымыздың өз қасиетін жоғалтпай, ұлттық болмысын сақтап қалу жолында тіл әрқашанда тірек болып отырды.  Елімізжылдан-жылға дамып келеді, озық елдердің қатарына енуге ұмтылуда. Осы биік мақсаттарға жету жолында халқымыздың  басын біріктіретін аса маңызды фактор ол әрине, біздің мемлекеттік тіліміз!Ата-бабамыздан мұра  болған ана тілімізді болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыру біздің қасиетті борышымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында қазақ тілі білім мен ғылымның, мәдениет пен ісжүргізудің  тіліне айналуда деп атап өтті. Шын мәнінде,  мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейіп келе жатыр, –  дей келіп,облыс әкімі өңірімізде тіл саясаты бағытында атқарылып жатқан ауқымды шараларға да тоқталып өтті. Өңір басшысы өз сөзінде мемлекеттік тілді дамыту алдымен ұшқан ұядан бастау алатындығын баса айтып, кез-келген адамзат баласы «Тәрбие – тал бесіктен» дейтұғын ұлттық қағиданы естен шығармау керектігіне назар аударды. Балтілді балдырғандардың мемлекеттік тілде білім алуы жолында бірқадау жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтуіміз керек. Мәселен, Ақмола облысындағы мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілінде тәрбие алатын  балалардың саны78 пайызды құрап, жыл сайын артып отыр. Облыста 300-ге жуық мектепке дейінгі мекеме мен 149 мектеп қазақ тілінде білім береді.

–Алайда, жаһандану заманында әлемдегі елдермен  тереземіз тең болуы үшін  өзге елдердің тілін,  көп тіл білу өте маңызды. Өйткені, тіл адамның басты қарым-қатынас құралы. Ол көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.  Неғұрлым көп тілді білетін адам бәсекелестік жағдайында көп жетістікке қол  жеткізе алады. Ал, бұл Абай бабамыз айтқан «Толық адам» ұғымына жетуге жол ашады. Мемлекет басшысы айтқанындай, әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі  жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын адал азамат ұғымының түпкі мәні осы, – деді облыс әкімі әрі қарай өз сөзінде.

Мемлекеттік  тілдің тұғырын биіктету мақсатында  Ақмола облысының аудандары мен қалаларында мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соңғы үш жылда тіл оқыту курстарытыңдаушыларының саны 51 пайызға, ал, ондағы мемлекеттік қызметшілердің үлесі 54 пайызға артып отыр. Мемлекеттік тілдің дамуына бизнес өкілдері мен қызмет көрсету саласындағы азаматтар да өз үлесін қосып келеді.  Сонымен қатар,  облыстық «Қоғамдықкелісім»мекемесі жанынан «Мәміле» мемлекеттіктілдідамыту клубы ашылғандығын да атап өтуіміз керек. Мұндай клубтар облысымыздың аудандары мен қалаларында да жүйелі жұмыс істеп жатыр.  Клуб – қазақтілінің жанашыры Милана Тарасованыңбастамасыменқұрылды.Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы да бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Жиын барысында осы филиалдың жұмысына да оң баға берілді.  Ақмола облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында «Шаңырақ» мектебі де ауқымды жобаларды жүзеге асырып, жемісті жұмыс істеуде.

–  Елімізде жүргізіліп жатқан сындарлы тіл саясаты толерантты тілдік ортаны қалыптастырудағы маңызды құндылықтардың бірі. Сондықтан, мемлекеттік  тілді басқа этностардың тілдерімен бірге дамыту мемлекет тұрақтылығының басты кепілі болып табылады, – деп атап өтті бұл орайда, аймақ басшысы.Іс-шара барасында Марат Ахметжановмемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлестері үшін жиналған қауымға алғысын білдіріп, бірқатарына түрлі марапаттар табыс етті.

Атап айтар болсақ,  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлнәр Қарасаева, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі  Тіл саясаты комитеті төрағасының Алғыс хатымен Бурабай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры  Жанар Махметова және облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы «Мәміле» сөйлеу клубының жетекшісі Милана Тарасова марапатталды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің дамуына ерекше үлес қосып жүрген бірқатар ақмолалықтар Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатына ие болды. Олардың қатарында Ақмола облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қойшин, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау универсиеті қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қасиет Молғаждаров және тағы басқалары бар.

Сонымен қатар, республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің дамуын насихаттап жүрген бірқатар журналистер де марапатқа ие болды. Биылғы «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық конкурсының «Үздік мақала» аталымы бойынша жеңімпазы болып,«Жақсы жаршысы» аудандық газетінің тілшісі Амангүл Апамбаева танылса, «Үздік сайт мақаласы» номинациясында халықаралық «Қазақстан дәуірі» газетінің тілшісі Дахан Шөкшірұлыжеңімпаз атанды, «Үздік телебағдарлама» номинациясының жеңімпазы облыстық «Көкше» телеарнасының редакторы Мақпал Айбабина да марапатталды.

Биылғы жылы алғаш рет мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тіл саясатын жүзеге асыруға ерекше үлес қосқан жерлестерімізді қолдау мақсатында Ақмола облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы тағайындалды. Аталған байқаудың 10 номинациясы бойынша 200-ге жуық үміткер өтінім берді. Салтанатты шарада «Тіл майталманы» сыйлығының жеңімпазы – «Ел бірлігі» қоғамық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл марапатталса, «Қызмет көрсету нысанының үздік қызметкері» номинациясының жеңімпазы Аршалы аудандық «ТЕХ маркет» дүкенінің кеңесші-сатушысы Юрий Юрков және тағы басқа тіл жанашырлары да осы сыйлық иегері атанды. Он номинациядан жүзден жүйрік атанған жеңімпаздарға 200 мың теңгенің ақшалай сертификаттары табыс етілді.

Жиын барысында «Сауатты жарнама – тіл абыройы» облыстық байқауы мен М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Өлең сөздің данасы, шындықтың анасы» атты поэзия байқауы мен «Туған жер  тарихы» атты облыстық бейнежазбалар байқауының және «Тілшебері» конкурсының жеңімпаздары да  марапаттарға ие болды.

Іс-шарада филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің Президенті Рауан Матыжанов сөз алып, жиналған қауымды Қазақстан халқы тілдері  мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік шара соңы облыс өнерпаздарының ұсынған концерттік бағдарламасына ұласты.

ҰлмекенТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар