15 инвестициялық жобаның тоғызы іске асырылды

Ауданда кәсіпкерлік саласы дамып келе жатқандығын осы салада 2 659 адам жұмыс істейтіндігінен байқауға болады.

Өткен жылдың қазан айында «БАХА SӦHNE» серіктестігі құны 2,5 миллиард теңгені құрайтын сұлы өңдеу өндірісін іске қосқан. Жалпы, ауданда Кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс 15 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған еді. Осы уақыт ішінде 9 жоба іске қосылса, жыл соңына дейін қалған 6 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Оның ішінде «Шуйское XXI» және «Абдуалиев» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегі көкөніс қоймаларының құрылысы да бар.

Биыл ауданда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 15,8 иллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылғы деңгейден екі есе артық. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9 миллиард теңге. Бұл инвестициялар ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға бағытталған.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі кәсіпкерлік секторды дамытуға қатысты біраз істерге ұйытқы болуда. Бұл ауданда ел Президенті алға қойған міндеттердің нақты және жоспарлы түрде іске асырылып жатқандығын білдіреді. Өйткені, кәсіпкерлікті дамыту өңір экономикасын дамытудың негізі екендігі сөзсіз.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар