Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қойылған міндет – ұдайы жұмысты қадағалап, бақылауда ұстау - АРҚА АЖАРЫ

Қойылған міндет – ұдайы жұмысты қадағалап, бақылауда ұстау

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Егіндікөл ауданына барды. Аймақ басшысы өңірде егін орағының барысымен танысып және бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, аудан активін өткізді. Облыс әкімі алдымен Ұзынкөл ауылында «Ушаково Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Мұнда ауыл шаруашылығы алқаптары 24331 гектар, жайылым  4414 гектар, ал, егістік алқаптары 19831 гектарды құрайды.

Техника паркі барлық қажетті техникамен қамтамасыз етілген. Серіктестіктің басшысы Бақтияр Ысқақовтың айтуынша, бүгінгі таңда астық жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Осы жұмысқа 24 комбайн жұмылдырылған. Бір комбайнтәулігіне орта есеппен 60-70 гектар алқаптың егінін орып, бастырады.

−Жалпы, шаруашылықтағы жағдай тұрақты, жанар-жағар май қоры жеткілікті, шарттардың мерзімін ұзарту талап етілмейді, – дейді басшы.

Сонымен қатар, мұнда мал шаруашылығы да даму қарқынын арттыруда. Атап айтқанда, серіктестік қой және 600 басірі қара мал өсірумен айналысады.Облыс әкімі сол арада ауыл шаруашылығы басқармасы басшыларына егін орағы науқанында серіктестікке барлық қажетті көмек-қолдауды көрсетуді тапсырды.

Жұмыс сапары одан әрі Егіндікөл ауылындағы № 2 жалпы білім беретін мектепке барумен жалғасты. Төрт қабатты ғимараттың жобалық қуаты 420 оқушылық орынды құрайды, дегенмен, білім ордасында қазір 370 оқушы оқиды. Мектепте барлық қажетті материалдық-техникалық жабдықтар бар. 2022 жылы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл мектеп шатырын жөндеуге қосымша қаражат бөлініп, осы жұмысты атқаратын мердігер анықталды. Сапасыз жүргізілген жұмысқа байланысты шатыр алғашқы жауын-шашынға төтеп бере алмаған.

−Сіздер бұл объектінің әлеуметтік маңыздылығын, мұнда балалар білім алатынын түсінулеріңіз керек. Ең алдымен, олардың өміріне үлкен қауіп төндірдіңіздер. Жұмысты барлық тиісті нормаларға сәйкес аяқтау қажет.  – деп, өңір басшысы мердігер ұйым өкілдеріне тапсырма берді. Білім басқармасына жұмыс барысын бақылауды қолға алу, ал, мектептегі учаскелік полиция қызметкерлеріне қауіпсіздікті күшейту бойынша міндеттер жүктелді.

−Бейнебақылау камералары мектеп ғимаратына кіретін және шығатын камералар болуы керек. Жағдайды үнемі бақылап отырыңыздар,−деді аймақ басшысы.

Аудан орталығында Марат Ахметжанов аяқталмаған 16 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді. Нысанның құрылысы 2019 жылы басталып, 2020 жылы оны пайдалануға беру жоспарланған болатын. Алайда, пандемияға байланысты құрылыс тоқтатылды. «Нұр Инвест Групп» серіктестігінің басшысы Рүстем Нұрлановтың айтуынша, құрылыс материалдарының қымбаттауы себебінен құрылысты аяқтау мүмкін емес. Өңір басшысы кез келген жағдайда үйді аяқтау қажеттілігін атап өтіп, мүдделі органдарға осы мәселені егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды.

−Күн сайын жұмысты бақылау қажет. Ескі мердігерлерді де жазалау керек. Енді біз тағы конкурс жариялап, басқа мердігерді тартып, жұмысты жалғастырамыз. Қалайда қажетті ұсыныспен шығып, осы үйді салып бітіруге тиіспіз, −деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, сапар барысында өңір басшысы аудан активімен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты. Аудан басшылығының алдына түйткілді мәселелерді шешу бойынша бірқатар міндеттер қойды. Оның ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша жұмысты жандандыру, инвестициялық жобаларды дамыту да бар.

−Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді ерекше атап өтті. Егіндікөл ауданында да бұл бағытты дамыту – басты міндет. Біздің ортақ мақсатымыз адамдардың өмір сүруі үшін жағдай жасау, атап айтқанда, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу. Барлық салалар бойынша жасалып жатқан жұмыстарды үнемі қадағалап отыру қажет. Әрине, биліктің тарапынан да кемшіліктер кездеседі. Дегенмен, қолдан келгенше жіті жұмыс істеуге тырысамыз. Мынандай қиын заманда  ел болып, жұрт болып, ынтымақты өмір сүруге, сол ынтымақ-бірліктің арқасында ел игілігін еселеуге тиіспіз, − деді өз сөзінде Марат Ахметжанов.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Егіндікөл ауданы.

Суреттерді түсірген Айбек Данияров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар