Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа қала үшін әрбір құрылыс маңызды - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа қала үшін әрбір құрылыс маңызды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыстық маңызы бар Қосшы қаласына барып, қаланың әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметімен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сапар салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барудан басталды. «AK Construction Company» ЖШС өкілінің айтуынша, орындалған жұмыс көлемі бүгінгі таңда 50 пайызды құрайды. Қабырғалардың құрылымы, еден байланысы орнатылды. Сыртқы инженерлік желілер тартылды.

Аймақ басшысы осы объектінің дамушы қала үшін маңыздылығын атап өтіп, құрылыс қарқынын арттыруды, сондай-ақ, жұмыстарды тиісті нормалар шеңберінде орындауды тапсырды.

Қосшы қаласындағы қалаішілік жолдар құрылысының барысы туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков хабарлады.

Қосшы қаласының көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 185 шақырымды құрайды, оның ішінде асфальт-бетон жабыны 95,7, қиыршық тас жабыны 32,2 және топырақ жамылғысы 57,1 шақырым. Бүгінде салынып жатқан мектеп-гимназияның, «Нұрай» мектебінің, сондай-ақ, өрт сөндіру депосының кірме жолдарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сапар № 3 мектеп-гимназия мен жалпы білім беретін мектепке барумен де жалғасты. Облыстық білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалиннің айтуынша, Қосшыда 10 мыңнан астам оқушы оқиды.

–Екі жаңа мектептің ашылуымен біз үш ауысымды білім беруді жойдық. Қалада барлығы 7 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Жаңадан 1200 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында 4700 орындық 3 мектеп салу жоспарлануда, – деді ведомство басшысы.

Мектеп-гимназияда өңір басшысы қауіпсіздік бойынша қабылданып жатқан шараларды оң бағалады.

–Бұл елдегі 123 камера орнатылған алғашқы мектеп. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін өте дұрыс шешім. Бұл жұмысты жалғастырып, мектеп психологын бақылауға тарту керек,  – деп атап өтті облыс әкімі.

№ 1 емханада Марат Ахметжанов материалдық-техникалық базамен танысты және келушілермен кездесті. Облыс әкімі азаматтарды тіркеу жұмыстарын жолға қоюды, мекеменің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуды тапсырды.

Одан әрі Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов қаланың бас жоспарының жобасымен таныстырып, алдағы даму жоспарлары туралы хабардар етті.

Сапар соңында аймақ басшысы «Сапа Су» ЖШС темір-бетонды қысымсыз құбырлар шығаратын кәсіпорнында болып, қала активімен кездесті.

–Біздің алдымызға нақты міндеттер қойылды, өңірді одан әрі дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда. Азаматтарды бағалау – жергілікті атқарушы органдар тиімділігінің негізгі критерийі. Проблемалар жеткілікті, олар жалпыға белгілі. Сондықтан, үлкен бірлескен жұмыс күтіп тұр, – деп қорытындылады активті Марат Ахметжанов.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Қосшы қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар