Республикалық оқу-жаттығуында жақсы дайындық деңгейін көрсетті

Құрамында төтенше жағдайлар департаменті мен азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері бар Ақмола облысының жедел тобы «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Екі күнге созылған оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға халықты даярлау мен оқыту, жалпы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ, азаматтық қорғау күштерінің дайындық деңгейін арттыру.

– Алматы қаласында өткен бұл республикалық командалық-штаптық оқу-жаттығуына Ақмола облысының жеке құрамынан 60 адам мен 6 техника, сондай-ақ, облыстық аумақтық азаматтық қорғау жүйесінің 14 қызметі қатысты. Барлық қойылған міндеттер біздің тарапымыздан мерзімінде орындалды. Сөйтіп, Ақмола облысы төтенше жағдайлар салдарын жоюда жоғары дайындық деңгейін көрсетті, – деп атап өтті департамент бастығы Нұрлан Атығаев.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша толық талдау жүргізіліп, авариялық-құтқару құралымдарының дайындығына баға берілді, сондай-ақ, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар