Жұмыспен қамту шаралары күн  тәртібінен ешқашан түспейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде, «Ақмола облысында жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды қолдау және экономикалық өсуге жағдай жасау бойынша іске асырылып жатқан шаралар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифинг спикері Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина атқарылған жұмыстарға және Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталды.

Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы жылы 31500жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, бүгінде оның 21400-і құрылған. Бұл68 пайызды құрайды.Оныңішіндеон ұлттық жоба аясында 5767 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 3700адамнемесе 64 пайызы жұмысқа орналастырылған.Жобалар аясында құрылған жұмыс орындарының ең көп үлесі – «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі» жобаға тиесілі. Ол арқылы 1700-ден астам жұмыс орны құрылған. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2670 адам тартылған. Бұл –  жоспардың 110 пайызы.

–Мен осы ретте, үш бағытқа назар аударғым келеді, – деді Шолпан Рахматуллина.– Бірінші бағыт –«Алғашқы жұмыс» жобасы бойынша 213 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл жылдық жоспардың 76,1 пайызын құрайды.Бұл жобаның жасы 35-тен аспайтын, еңбек өтілі жоқ, жұмыссыз ретінде тіркелгеніне 18 ай толмаған жастарға арналған30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 103500 теңгежалақысы бар. Екінші бағыт –«Күміс ғасыр» жобасы бойынша 197 азамат жұмысқа жолдама алды. Сөйтіп, жылдық жоспар 104,2 пайызға орындалды. Жобаның мақсаты – 50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету. Үшінші бағыт –«Ұрпақтар шарты» жобасы бойынша 15 адам жұмыс тапты, бұл  жылдық жоспардың 65 пайызы.

Мемлекеттік гранттар беру бойынша ағымдағы жылы жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 234,6 миллион теңгенің 170 гранты бөлінген. Бұл – бір  адамға 400 АЕК немесе 1,3 миллион теңге. 141 адам осы грантты алды. Оның ішінде, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар – 10, мүгедектер – 33, көп балалы отбасылар – 70, қандастар – 2, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар – 19, асыраушысынан айырылған – 7 адам. Бұл мақсатқа 182,3 миллион теңге қаржы бағытталып, жылдық жоспар 83 пайызға орындалды.

Брифинг соңындаауылдық округтердегі мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсініктеме берілді. Мәліметтерді Мансап орталықтары менүйлестіру бөлімінен алуға болатындығы жеткізілді. Сондай-ақ, мүгедектер әр айдың 10-ында өтетін Ашық есік күндері, онлайн форматта қосымша ақпарат ала алады. Ауылдық округтер, аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ЗУМ-ға сілтемелер жіберіледі. Және де бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілер «Еңбек KZ» сайтында бос жұмыс орындарын тіркеуі қажет. Бүгінгі таңда облыста 1656 бос жұмыс орны тіркелген.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар