2023 жылғы 5 қарашада Ақмола облысының Ақкөл, Астрахан, Шортанды, Есіл және Жақсы аудандары әкімдеріне пилоттық тікелей сайлау тағайындалуына байланысты үгіт материалдары үшін «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінің редакциялары баспа басылымдарынан орын ұсынады.
Материалдар электронды тасымалдағыштарда беріледі. Үгіт-насихат материалдары 100 пайыз алдын ала төленгеннен кейін, оларды алу тәртібіне қарай «Арқа ажары» және «Акмолинкая правда» газеттерімен жасалған шарттарда көрсетілген мерзімге сәйкес жарияланады.
Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.
Газеттердің баспа нұсқаларында жарияланған барлық материалдар басылымдардың сайттарында, сондай-ақ, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі газет беттерінде қайталанады.
Жарнамалық материалдарды орналастыру құны:
– бірінші және соңғы толық түсті беттерде 1 шаршы/см бағасы – 750 теңге;
– екінші, үшінші ақ-қара түсті беттерде 1 шаршы/см бағасы – 650 теңге;
– «Арқа ажары» және «Акмолинкая правда» газеттеріндегі ауданы 100 шаршы сантиметр модуль: бірінші және соңғы толық түсті беттерде ҚҚС есебімен – 75 000 теңге; екінші, үшінші ақ-қара түсті беттерде қосымша құн салығын қоса алғанда – 65 000 теңге