Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыста болмаған адамдарға еңбекақы төлеген ауыл әкімдерінің мәселесі қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыста болмаған адамдарға еңбекақы төлеген ауыл әкімдерінің мәселесі қаралды

Ақмола облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Думан Әбілевтің төрағалығымен өткен осы кеңестің отырысында Целиноград ауданының екі ауылдық округі әкімдерінің тәртіптік істері қаралып, олардың Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшін «қызметтеріне толық сай еместігі» туралы мәселе көтерілді.

Жарлыкөл және Приречен ауылдық округтерінің әкімдері Мәулет Сағынтаев пен Мейірхат Жанділдинге қатысты тәртіптік істер өзара ұқсас. Екеуі де жұмыста болмаған әлеуметтік қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша заңбұзушылықтарға жол берген. Өздеріне сөз берген кезде әкімдер әкімдікке бөлінген мемлекеттік қызметшілер бірлігі аздығын, кейде әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын бақылауға уақыт жетпейтіндігін, олардың жұмыстан бір жаққа кететін болса, ескертулері қажет екендігі туралы ұдайы айтылатынын алға тартып, әрқайсысы өз жағдайына қатысты түсінік берді.

–Бізде осындай заң бұзушылық болғанын мойындаймын. Біздегі әлеуметтік қызметкер ауылдық округтен 8 шақырым жерде тұрады, оған күнде бақылау жасау мүмкін емес. Ол өзінің ауыратын баласы мен жақын туысқанының мүгедек баласына күтім жасайды. Оны жұмысқа алар кезде, жұмыс күндері бір жаққа кететін болсаңыз, ескертіп отырыңыз деген әңгіме айтылған. Алайда, соған қарамастан,ол ескертусіз отбасымен басқа елге – Монғолияға жол жүріп кетіпті. Түсініктеме алған кезде әлеуметтік қызметкеріміз Баян Өлгейдегі анасы қатты ауырып, аяқасты кету керек болғанын айтып ақталды. Келешекте мұндай жағдай болмайды деп түсіндірді, –деді Мәулет Сағынтайұлы.

–Мұндай жағдай біздің де округте орын алып отыр. Әлеуметтік қызметкермен бұған дейін әріптесім айтқанындай, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ол кісі кетер алдында менен сұранды, бірақ, мен еңбекақысыз демалыс алуы керек екендігін түсіндірдім. Жұмыстан сұранып, арыз жазып кеткен секілді еді, бірақ, келгеннен кейін табельді толтырғанда жұмыс атқарылды деп жазыпты. Енді «неге осылай жасадыңыз?» дегенде, оның орнына күйеуі мен қызы барып, әлеуметтік қызмет алушыларға көмектесіп, күтім жасапты. Тексеріс жүргізіп, әлеуметтік қызметтер көрсетілетін отбасыларға барғанда, олар жұмыстың атқарылғанын растады, – деді Мейірхат Әміржанұлы.

Кеңес мүшелері талқылау кезінде әкімдер тарапынан мұндай заңбұзушылықтың орын алуының себебін анықтау үшін жан-жақты сұрақтарын қойып, мән-жайды сұрап білді. Нақтылау барысында алғашқы істе әлеуметтік қызметкер өз баласы мен жақын туысқанының ауыратын баласын күтуге жауапкершілік алған. Бүгінде кейбір аналар өздерінің мүгедек баласына басқа біреу күтім жасамауы үшін өздері әлеуметтік қызметкер ретінде тіркеліп, сол үшін еңбекақы алады. Бірақ, оларға мүгедектігі бар баланы күткені үшін мемлекеттен жәрдемақы төленбейді. Ал, екінші жағдайда әлеуметтік қызметшіге мұқтаж жандар тарапынан күтім жасалмады деген шағым болмаған, әлеуметтік қызметкердің орнына оның жақындары барып қызмет атқарған.

Мәселенің мәнісін анықтап білген соң, кеңес мүшелері түсіністікпен қарауға талпынса да, әкімдердің қызмет барысында жұмыста болмаған адамға еңбекақы төленгенін, сөйтіп, заң бұзушылыққа жол берілгенін алға тартып, екеуіне де «қызметтеріне толық сай еместігі» туралы шешім қабылданып, жауапқа тартылатындықтарын ескертті.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар