Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорындарына барды, –деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысы жылыту маусымына дайындық барысымен танысып, бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті.
– Ең бастысы, қазандықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жылуды уақытында қосу қажет, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Степногорск жылу-электр орталығы –қаладағы жылу энергиясының жалғыз көзі. 6 энергетикалық қазандық, 5 турбина және 1 су жылыту қазандығы бар. 2023 жылы жылыту маусымына дайындыққа 5 миллиард теңге бөлінді, оның 3 миллиард теңгесітариф есебінен бөлінсе, миллиардтеңгені меншік иесі бөлді.
Кәсіпорын директоры Валерий Донцовтың айтуынша, 5 турбогенераторды жөндеу, №7 қазандық агрегатын күрделі жөндеу, №2,4,5 қазандық агрегаттарын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жоспарланған жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Сондай-ақ, жылу трассасының 14 шақырым тозған учаскелері ауыстырылды.
Сол жерде облыс әкімі темір жол станциясынан мазут жеткізу мәселесін бірден шешті.
Аймақ басшысы барған екінші объект–«Сопка 305» су құбырын тазарту құрылыстары, 1974 жылы іске қосылған.«Степногорск водоканал»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Алексей Гетмановтың айтуынша, 2020 жылы 5,1 миллиард теңгеге сүзгі станциясын, техникалық су резервуарларын реконструкциялау жұмыстары жүргізілген. Сорғы ғимараты салынды, таза су резервуары, сүзгі-сіңіргіштер, НВК сыртқы желілері, өрт дабылы, бейнебақылау, байланыс және дабыл беру, электрмен жабдықтау және абаттандыру қондырғылары орнатылды.
Бүгінде магистральдық құбырдың тозу мәселесін шешу үшін су құбырын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Ұзындығы 1 шақырым жер үсті су құбырын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ, қалаға кіре берісте сорғы станциясын орнату және монтаждау жоспарлануда.
Қорытындылай келе, өңір басшысы қолда бар мәселелерді кезең-кезеңімен шешу қажеттігін атап өтті.
– Өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, оның ішінде халықты жылумен және сумен қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз, – деді М.Ахметжанов.
Марат Ахметжанов сапар барысында қаланың «Пригородный» шағын ауданының аула аумағын абаттандыру жұмысымен танысты және тұрғындармен кездесті.
Қала әкімі Алпысбай Қайыржановтың айтуынша, балалар алаңы тұрғындардың өтініші бойынша жөнделді. Сондай-ақ, спорт алаңы мен футбол алаңы салынды, асфальт төселді.
Қала тұрғындары аймақ басшысына атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдіріп, өздерін толғандыратын шағын аудандағы жолдарды жөндеу және Азат ауылына қатынау, электр қуатымен жабдықтау, маршруттық автобустардың қозғалысы, аялдамалар орнату, стадионды жөндеу және тағы басқа мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
Марат Ахметжанов әрқайсысын тыңдап, сапарының бір мақсаты проблемалық мәселелерді анықтау екенін атап өтті.
– Бірден бәрін жасай алмаймыз, біртіндеп жасаймыз. Бірінші кезектежылумен жабдықтау және басқа да негізгі мәселелерді шешу қажет, – деп атап өтті бұл орайда облыс әкімі.
Өңір басшысы Степногорск қаласына сапары барысында бірқатар әлеуметтік объектілерді, өнеркәсіп кәсіпорындарын да аралап, қала активімен кездесті.
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасында 240 төсек-орын бар. Бас дәрігер Бағлан Наурызбаеваның айтуынша, 2012 жылы инфекциялық бөлімше ғимаратының шатыры, лифтілер жөнделді. Ал, 2024 жылға №15 ғимаратты, Г және Е блоктарын жөндеуге 525,6 миллион теңге бөлінбекші. Аурухана «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына енгізілді және жақын маңындағы аудандардың тұрғындарына қызмет көрсететін болады.
Сондай-ақ, өңір басшысы тіркелген халыққа медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін «Viamedis» ЖШС филиалында болды.ЖШС құрылтайшысы ӘсетАхметов клиникалар желісін кеңейту бойынша алдағы жоспарларын көрсетіп, емхананың материалдық-техникалық базасымен таныстырды.
«Жастар» облыстық жасөспірімдер үйінде облыс басшысы жергілікті әкімдікке білім басқармасымен бірлесіп, бос жатқан алаңды толтыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Сапар барысында Марат Ахметжанов минералды шикізат пен мыс-молибден кенін өндірумен, байытумен және өңдеумен айналысатын «Степногорск тау-кенхимия комбинаты» ЖШС сияқты»Степногорск подшипник зауыты» АҚ және «Қазақстанның жылыжай технологиялары»ЖШС ірі кәсіпорындардың қызметімен танысты.
Сапар қала активімен кездесумен және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаумен аяқталды.Актив қорытындысы бойынша барлық басталған жобаларды уақытында аяқтау, мерзімдердің кешеуілдетілуіне жол бермеу, сондай-ақ сапаға ерекше назар аудару тапсырылды.
– Азаматтардың сенімі – қоғамның жай-күйінің көрсеткіші. Қазір мүмкіндіктер қоғамның өзгеруіне ашық. Бұл – қоғам мен ел басшылығының сұраныстары сәйкес келетін ерекше уақыт, – деп түйіндеді облыс әкімі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.