Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кешегі сал-серілер елінде «Асыл ән» өнер мектебі ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Кешегі сал-серілер елінде «Асыл ән» өнер мектебі ашылды

Өңіріміз «Сал Көкше, сері Көкше, сұлу Көкше» деген көркемдік атауға ие, қай кезеңін айтсаңда, тұнып тұрған тарихтың мекені. Кешегі хандардың ордасы, салмен сері, ән мен жырдың Меккесі аталған киелі өлке. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай десе-ақ, қазақ елі Көкшетаудың құдыретін сезіне кетері анық.

Бүгінгі күні ұлы дәстүрді үзбей, ұлттық өнердің ұлылығын ұғындырып жүрген дәстүрлі өнерпаздар қаншама? Солардың бірідебірегейі саналатын Мұхамедияровтар әулетінің еңбегі аз емес. Бүгінгі ұлттық өнердің қара шаңырағы Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінің директоры Саян Мұхамедияр және бауырлары Ерлан, Аслан Мұхамедияровтарда ұлттық өнерімізге тамшыдай болсын үлестерін қосып келеді. Осы орайда, өткен жұмада дәстүрлі әнші Аслан Мұхамедияровтың «Асыл ән» ұлттық музыкалық мектебінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу кешіне ата-анасы, туыс-туған, өнердегі әріптестері және Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қатысты.

– Аслан, үш жасынан қолына домбыра алып, өлең айтып еді. Енді міне, жастар тәрбиелеймін деп талпынып отыр. Сол талабына нұр жаусын, –деп әкесі Болат Мұхамедияров қолдап келген жұртшылыққа алғысын білдірді. Сондай-ақ, мектептің ашылуына қолдау көрсетіп келген Айгүл Баубекқызы сөз сөйлеп, Мұхамедияровтар әулетін жаңа мектептің ашылу салтанатымен құттықтап, алдағы уақытта қолдау көрсететінін айтып жеткізді. Сонымен қатар, ашылу рәсімінен кейін Аслан Болатұлы жаңа мектептің кабинеттерімен оқу жоспары және жалпы жұмыстарын көпке таныстырды.

– Бұл мектеп, қазақтың Арқадағы дәстүрлі әнін жанғырту мақсатында ашылып жатқан мектеп, – дейді жетекшісі А.Мұхамедияров. – Дәстүрлі ән және домбыра, сыбызғы, қобыз, фортапиано, жетіген, эстрадалық ән, сазсырнай қатарлы өнер түрлеріне арналған 4 кабинетіміз бар. Мұндағы бұйымдар мен аспаптар қазақи нақышта ою-өрнекпен әшекейленген. Аталған өнер түрлеріне қажетті музыкалық аспаптармен толық қамтылған. Ұжымда 6 мұғалім жас өнерпаздарға сабақ береді. Мектепке қабылдау жас ерекшелігіне қарамайды. Уақытында да шектеу жоқ. Кез-келген уақытта келуге болады. Сабақ аптасына үш рет өтеді. Және де бір айлық оқу құны 30 теңге болады, сол арқылы өзімізді-өзіміз қаржыландыру көзделген.

Мектеп жетекшісінің айтуынша, өнер ұясының ашылуына 12 миллион теңге қаржы кеткен. Олай болса, іске сәт «Асыл ән» өнер мектебі!

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар