«Игі істер автобусы» ауылдарды аралап, көмек көрсетіп жүр

Облыс аумағындағы колледждердің жұмысшы мамандықтарына оқитын студенттері «Игі істер автобусы» акциясы аясында өңір тұрғындарына тегін қызмет көрсетіп, үй шаруаларына көмектесуде.

Алғашында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және Ақмола облысында «Игі істер марафоны» жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған акция әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Іс-шара шеңберінде өңіріміздің колледж қызметкерлері мен 3-4 курс студенттері ауылдардың тұрғындарына өз мамандықтары бойынша тегін қызмет көрсетеді.

Ақмола облысының аумағында ғана іске асырылып жатқанаталмыш акция әлеуметтік жобалау идеяларын, құндылықтар мен волонтерлік тәжірибені насихаттауға бағытталған. Оның арқасында студент жастар ауыл тұрғындарын қолдап, олардың мәселелерін шешуге, халыққа тұрмыстық тегін қызмет көрсетуге тартылады.

–Волонтерлік бастамаларды іске асыру үшінжыл бойы облысымыздың әрбір колледжінде 3-4 курс студенттері мен өндірістік оқыту шеберлерінен құралған топтар «Игі істер автобусымен» халыққа шаштараз сервисі, тігін бұйымдарын жөндеу, ағаш ұстасы, дәнекерлеу, цифрлық технологиялар саласындағы қызметтерді өтеусіз негізде ұсынады. Студенттер арасынан еріктілер елді мекендердің оқушыларымен бірге тұрғындар демалысын ұйымдастырып, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, үйірме сабақтарын өткізеді. Жоба бүгінге дейін 3 мыңнан астам адамды қамтыды. Әрбір «Игі істер автобусының» аумақтық әкімдіктермен келісілген өз бағыты бар. Ауылдық округтердің тұрғындарына еріктілер ұсынатын қызметтер алдын ала хабарланады, –дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Индира Қалымжанова.

Жақында колледждердіңстуденттері мен өндірістік оқыту шеберлері «Аяла» пансионатына барып, самайларын ақ шалған қарттарға шаштараз қызметтерін тегін ұсынды.

–Мен жоғары техникалық колледжінің үшінші курсында «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша оқимын. Қарттарға ақысыз көмек көрсету үшін пансионатқа келдім. Мүмкіндігінше игі істер жасауға тырысамын. Бұрын «үлкеннен бата алсаң, қор болмайсың» дегенді ата-апаларымыздан жиі еститінмін. Міне, бүгінде осы акция барысында қаншама адамның алғысын арқалап, ризашылықтарына бөленіп отырмыз, – дейді Көкшетау қаласының техникалық колледжінің студенті Альбина Шайдуллина.

Айта кетейік, өңір колледждерінің студенттері «Игі істер автобусы» акциясы аясында жалғызбасты қарт адамдарға бау-бақшасын күтіп, өңдеуге, қыс мезгілінде ауласын қардан тазартуға, үй учаскелерін ретке келтіруге көмектеседі. Мәселен, Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялықколледжінің студенттері жалғыз тұратын зейнеткерлердің пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол ұшын берсе, Шағалалы жоғары агротехникалық колледжінің білім алушылары мұқтаж адамдардыңденсаулығы үшін қажет болғанда қан тапсырады.Жеке меншік оқу орындарында оқитын жастарымыз да іс-шарадан шет қалмайды. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері жалғызбасты зейнеткерлердің үйлерініңаумағын тазалауға қол ұшын береді.

–«Игі істер автобусының»қызметіне облыс тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, жақсы пікірлерайтуда. Облыстық білім басқармасына да студенттердің осы бастамаларына байланысты оң пікірлер мен жылы лебіздер көптеп келіп жатқаны қуантады, – дейді аталған басқарма мамандары.

Ы.ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар