Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президенттік жастар кадр резервін құру – заман талабы - АРҚА АЖАРЫ

Президенттік жастар кадр резервін құру – заман талабы

Қазақтың ханы Абылай ханның «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік» деген сөзін ту етіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Президенттік жастар кадр резервін құруды тапсырған болатын. Бұл Президентіміздің еліміздің жастарына, олардың білімі мен күш-қуатына сеніп, оларға жол сілтеп, қолдау көрсеткені.

Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Резервке алынған жастар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық және А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Резерв өкілі болудың мәні – ел үшін аянбай еңбек етуде. Мемлекеттің дамуы жолында ойы ұшқыр, озық мамандар қажет. Меніңше, мемлекеттік аппарат өз жұмысын заман талабына сай бейімдеуі тиіс. Яғни еліміздегі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік аппаратты сервистік модельге көшіру қажет. Бүгінгі таңда көптеген заманауи елдер осы сервистік модель жүйесіне көшкен. Бұл жүйеде кез келген мемлекеттік қызметші халықтың талабына, сұранысына сай жауап бере алатындай қызмет етуі тиіс. Әрі көрсетілген қызмет барынша сапалы болуы тиіс. Мемлекет басшысы айтып өткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы осы сервистік модельдік жүйеге бірден-бір сай келеді.

Оған қоса, жастардың ойлау қабілеті жақсы дамыған, олар жаңа технологияларды жетік меңгерген. Олардың білімі түрлі инновациялар мен ақпараттық технологияларды алға тартып, еліміздің қарқынды дамуына негіз болуға тұрарлық. Сондықтан да мемлекеттік қызметке жастардың келуі мемлекеттік аппарат жұмысының тиімді әрі нәтижелі болуы үшін пайдалы болмақ. Президенттік жастар кадр резервін құру туралы идеясы осы істердің басталуы жолындағы алғашқы қадам деп білемін. Аталған жоба арқылы еліміздегі мыңдаған жас өздерін сынап, қандай жетістікке жете алатындығын байқап көреді.

Президенттік жастар кадр резервін құру – заман талабы. Кадрлық әлеуетті тиімді қолданудың бұл тәсілі халқымыздың ертеңгі сенімін арттырып, өте орынды қабылданған шешім деп білеміз. Ұрпағымыз үшін жасалып жатқан ұлағатты жұмыс өз жемісін береді деп сенеміз.

Берік Әбділманов,
Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының
Ақмола облыстық филиалы «Kokshe» телеарнасының директоры

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар