Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту – басты бағыт - АРҚА АЖАРЫ

Халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту – басты бағыт

Партияның Ақмола облыстық филиалында өткен Саяси кеңес бюросының отырысында халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Берген Беспалиновтың төрағалығымен өткен отырыста жергілікті мемлекеттік органдардың сайлауалды бағдарламаны орындау барысын тыңдауға бюро мүшелері Ғалым Бекмағамбетов пен Айнагүл Балташева және партияның аудандар мен қалалардағы филиал төрағалары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Байқуанышев пен Ерейментау, Есіл, Целиноград, Жақсы аудандары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Алғашқы баяндамашының мәліметінше, Жол картасы шеңберінде 2023-2027 жылдар аралығында облыс халқына 3 миллион шаршы метр, соның ішінде биыл 650 мың шаршы  тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. Бұл мақсатты іске асыру үшінағымдағы жылы әр түрлі қаржы көздерінен 16,9 миллиард теңге қарастырылған. Қазіргі таңда өңірде 2836 пәтерді құрайтын 56 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың сегіз айында облыста 412,5 шаршы метр3803 пәтер пайдалануға берілді, бұл былтырғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда 103 пайызға артық және жылдық жоспардың 64 пайызының орындалғандығын көрсетеді.

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін Көкшетау мен Щучинск қалаларында 40 және 45 пәтерлі екі үй пайдалануға берілді. Көкшетау қаласында қалған арендалық 7 тұрғын үй жылдың соңына дейін тапсырылады деп болжануда. Жалпы, облыста 23 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Соңғы 10 жылда тұрғын үйге кезекке тұрушылар саныкүрт өскені байқалады дейді мамандар.

–Жыл сайын облыста әлеуметтік түрлі топтарға арналған пәтерлер барынша тапсырылып жатса да, кезектің көбеюінің салдарынан жұмыстың атқарылып жатқандығы тақа байқалмауы мүмкін. Оның үстіне биыл әлеуметтік осал топтарға арендалық тұрғын үйлерді ұсыну үшін қазынадан қанатқақты жоба негізде 2,5 миллиард теңге бөлінді. Оған дайын пәтерлер сатылып алынады. Оның шарты бойынша үй немесе пәтердің бағасы 9,6 миллион теңгеден және 80 шаршы метрден аспауы тиіс. Биыл 363 пәтер сатып алу көзделсе, бүгінде оның жартысы сатып алынды. Бұл жоба негізінде кезек күткен әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылар конкурс арқылы 1-2 айдың ішінде пәтерлеріне қол жеткізе алады, Бұрынғыдай құрылыстың аяқталуын күтпейді, –деді келесі баяндамашы  Азамат Байқуанышев.

Ал, Жол картасы бойыншаЕрейментау, Целиноград, Есіл, Жақсы аудандарынданесиелік үйлер жыл аяғына дейін тапсырылмауы мүмкін.Алғашқы екі ауданда жұмыс қарқыны жақсарып, қаржы бөлу шешілсе, жыл соңына дейін тұрғындар баспанамен қамтылуы ықтимал, ал, соңғы екеуіне өкінішке орай, биылға қаржы бөлінбепті. Десе де, құрылыс басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша,  партияның Жол картасында көзделген межеге басқа аудандар мен басқа санаттағы тұрғынүй құрылысы жоспарының асыра орындалуының нәтижесінде қол жеткізіледі.

Бюро отырысында саяси кеңестің мүшелері халықтың әлеуметтік түрлі топтарын баспанамен қамту бойынша қосымша қандай шаралар жүргізіліп жатқандығын сұрап біліп, өз ұсыныстарын айтты. Бұдан әрі жыл аяғына дейін тиісті тұрғын үйлерді тапсыра алмау қаупі бар жоғарыда аталған төрт ауданның әкімдері тыңдалды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар