«Тарифті инвестицияларға айырбастау» – жаңа  бағдарламасы

Қазіргі заманғы ғылым мен практикалық қызмет көзқарасынан нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін мемлекет тарапынан реттеу талап етіледі. Тек мемлекет қана экономикалық процестерді орталық басқару мен нарықтық өзін-өзі реттеу тиімді үйлестірілетіндей етіп реттеуге қабілетті екендігі сөзсіз.

Бұл қағидаға сәйкес Ақмола облысының табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті   қымбатшылықтың алдын-алу, тарифтерді реттеу, сондай-ақ, олардың көтерілуі шынымен де коммуналдық қажеттіліктер үшін қолданылатынын бақылау жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы мен сайлауалды бағдарламасының, биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауының шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жаңа инвестициялар тарту үшін «тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде жұмыс басталып кетті. Тапсырманың негізгі міндеті электрмен, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау салаларындағы желілердің тозуын кем дегенде 15 пайызға төмендету болып табылады. Бұл авариялар, ажыратулар санын азайтуға, сондай-ақ, көрсетілетін қызметтердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Табиғи монополиялар туралы» Заңына және табиғи монополиялар субъектілерінде жұмыс істейтін және кіші мамандығы бар мамандардың жалақысының өсуіне әкелетін №90 тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер пакеті дайындалды.  Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасына да әсер етеді. Сондай-ақ, заң мен ережелерде желілерді күрделі жөндеуге арналған шығындарды қосу арқылы инвестициялық бағдарламаларды өзгерту үшін негіздер қарастырылған.

Аталмыш бағдарлама шеңберінде департамент бақылауында  23 субъект бар. Ол субъектілер өз арасында қызыл, сары  және жасыл жолақ ретіндесанаттарға бөлінген. Коммуналдық кәсіпорындар өздерінің беретінтиісті қызметтерін осы санаттар бойынша көрсетеді.  Биылғы жылы қызыл аймаққа жеті табиғи монополиялы субъект енген болатын.Анығын айтқанда, «Көкшетау Энерго» серіктестігі, «Атбасар Су», «Есіл Горкомхоз», «Көкшетау Су Арнасы», «Бурабай Су Арнасы», «Ерейментау Су Арнасы» мекемелері.Аталмыш жеті субъект «тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы бойынша өз жұмыстарын бастады.Дегенмен, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бұл мекемелерде тариф 10-нан 20 пайыз аралығында өсім көрсеткен болатын. Осы ретте, сары және жасыл аймақтар келер 2024-2025 жылдары тиісті жұмыстарын жүргізе бастайды.

Бүгінгі таңда сары аймақта бес мекеме, жасыл аймақта 10 мекеме бар. Әр жыл сайын индекс бойынша инфляцияның өршуіне байланысты тарифтер4 пайызғакөтеріледі. Жалпы, Ақмола облысында коммуналдық саладағы 67 субъект бар. Осыған орай,  ол субъектілердің әр салалары бойынша150 қызмет реттеледі.  Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық салада қызмет көрсететін екі үлкен мекеме «Көкшетау Жылу» мен «Көкшетау Су Арнасы» екені белгілі. Биыл «Көкшетау Жылу» мекемесі  бойынша тариф өзгеріссіз қалды. Бірақ, жалақы деңгейі 20 пайызға дейін өсті.  Дегенмен, келер жылы тариф 10-15 пайызға өседі деген болжам бар. Ал, «Көкшетау Су Арнасы» мекемесінде су беру қызметі бойынша тариф өз деңгейінде қалса, су бұру қызметінде 20 пайыз өсім байқалып отыр. Сондай-ақ, көтеріліп жатқан тарифтердің шынында да тозығы жеткен жабдықтарды дұрыстауға жұмсалатынындепартамент қадағалайды. Ай сайын басқармағакоммуналдық мекемелер атқарылған жұмыстары бойынша есептерін жолдап отырады. Ағымдағы жылдың тамыз айында департамент тарапынан коммуналдық мекемелердің атқарған жұмыстары  жөнінде  баспасөз туры өткізілген болатын. Барлық жұмыс қорытындылары монополияларды реттеу комитетінің сайтында және басқарманың Facebook парақшасында жарияланып отырады. Осы жылдың соңына дейін бұл субъектілер өз тиістіжұмыстарын осы жартыжылдық ішінде аяқтауы тиіс.

Ақмола облысындағы электрмен жабдықтау саласындағы желілер бойынша орташа тозу 66 пайыз, сумен жабдықтау желілері бойынша 50 пайыз, су бұру желілері бойынша 59 пайыз және жылумен жабдықтау желілері бойынша 55 пайызды құрайды. Осыған байланысты «инвестицияларға айырбастау тарифі» жаңа тарифтік саясатын іске асыру мақсатында департамент тұтынушылардың, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен тыңдауларда айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, монополист субъектінің өтінімін мұқият талдап, осы жылдың 1 шілдесінен  бастап субъектілерге тарифтерді бекіту туралы шешім қабылдады.

Мәселен, стратегиялық тауарлар құнының, орташа айлық жалақының  және инвестициялық бағдарламаның өзгеруіне байланысты «Көкшетау Су Арнасы» ағынды суларды бұру, «Атбасар су» тарату желілері бойынша су беру және ағынды суларды бұру, жылумен жабдықтау, «Бурабай Су Арнасы» ағынды суларды бұру, «Ерейментау Су Арнасы» ағынды суларды бөлу,«Есіл қалалық шаруашылығы» жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау,«Көкшетау Энерго» электр энергиясын беру және «Степногорск Теплотранзит»жылу энергиясын беру және тарату қызметтері бойынша тарифтерді өзгерту мәселесіне қатысты  департаментке жүгінді.

Бұл ретте, қосымша инвестициялар желілердің тозуын ағымдағы жылы орта есеппен 2 пайызға төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар, тұтынушылардың салынған қаражатын бақылау қамтамасыз етіледі.

Бүгінде департамент коммуналдық саладағы монополияның өршуіне жол бермеу бойынша барынша тырысып жатыр. Айта кету керек, барлық қабылданған шаралар коммуналдық саладағы монополияларды реттеуге ғана емес, сондай-ақ, тарифтердің заңсыз өсуін қадағалау мен қымбатшылықтың алдын алу бойынша бірқатар маңызды жұмыстарды атқаруға бағытталған.

Думан ҚАЛИБЕКОВ,
Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар