Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Су тапшылығы: Қазақстанда екі ірі жоба жүзеге асады - АРҚА АЖАРЫ

Су тапшылығы: Қазақстанда екі ірі жоба жүзеге асады

Орталық Азия аймақтық экология орталығы тұрақты су пайдалану саласында екі ірі жобаны жүзеге асырмақ. Әлеуметтік маңызы бар жобалардың құны 600 мың доллардан асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық Азия аймақтық экологиялық орталықтың Қазақстадағы директоры Нұрай Сәттімовтың айтуынша, ілкі жоба Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанды қамтиды.

Біріншіден, жоба ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігіне нұқсан келтірмей, суарудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізу арқылы су тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.

Екіншіден, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда әйелдер басқаратын фермалар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары суармалы су тапшылығына тәуелділігін төмендетіп, өнімділікті арттырып, жалпы өңірдегі ауыл шаруашылығының тұрақтылығын жақсартады.

су
Фото: Алма Мұқанова/ҚазАқпарат

«Қазақстандағы Есіл өзені бассейніндегі су алабы біріктірілген басқару» жобасы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Есіл өзен бассейндегі ауыл шаруашылық пен жайылымдық жерлердің жағдайын жақсартады. Осы облыстарда тұратын 12 000-нан астам адам ауыл шаруашылығында су ресурстарын басқарудың кешенді тәсілін енгізуден тікелей пайдасын көреді. Сонымен қатар, Есіл өзені бассейнінің су ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі трансшекаралық диагностикалық талдау және стратегиялық іс-әрекет жоспары әзірленетін болады», — дейді Нұрай Сәттімов.

Спикердің сөзінше, жобалардың жалпы құны 600 мың доллардан асады.

Орталық Азия елдеріндегі тікелей бенефициар саны 22 мыңнан, ал жанама алушылар саны 200 мыңнан асады деп күтіліп отыр.

су
Фото: Алма Мұқанова/ҚазАқпарат

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысында, су саясатын қалыптастыру кезінде оның шектеулі табиғи ресурс екені ескеру керектігін айтқан болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар