Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жол инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуы туралы» баспасөз конференциясы өтті. Онда «Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» басқармасының басшысы Владимир Кулаков журналистерге ақпарат берді. Басқарманың негізгі функциялары мен міндеттері жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.
Облыстағы жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзындығышамамен 8 мың шақырымдай, оның ішінде республикалық маңыздағы 2,3 мың, облыстық маңыздағы 3 мың, аудандық маңыздардағы2,7 мың шақырым жол бар. Ағымдағы жылы шамамен 311 жобаны жүзеге асыру үшін бір мың шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолдарды салуға және жөндеуге 75 миллиард теңге бөлінген. Спикердің мәліметінше, соңғы үш жылда 2 мың шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жолдар жөнделсе, оның 900 шақырымы ауылдық елді мекендерге тиесілі. Мәселен, 2017 жылы 235 шақырым жол салынып, жөнделсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 1000 шақырымнан астам болған. Яғни, 5 пайызға жұмыс жоспары артқан.
– Жол құрылысы жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында «Ұлттық жол активтерінің сапасы» орталығымен 270 миллион теңгеге келісім жасалды. ЖәнеАстана қаласына іргелес елді мекендердің жолын салу және жөндеу жобаларын іске асыруға 30 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған, – дейді Владимир Кулаков. Бұл жобаға Қосшы қаласы, Тайтөбе, Қараөткел, Талапкер, Жібек жолы, Волгодоновка, Бабатай, Жалтыркөл, Қоянды, Арайлы, Өтеміс, Аққайың, Қажымұқан, 42-Разъезд, Қызылжар, Қызылсуат, Қабанбай батыр және тағы басқа елді мекендер енгізілген. «Құрылыс-монтаждау жұмыстары кезіндебіз пайдаланатын материалдардың сапасына және өндіріс технологиясына ерекше назар аударамыз», – деп спикер бірқатар қағидаттарды атап кетті.
Жұмыстарды сапалы жүргізу, бюджет қаражатын игеру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында, сондай-ақ «Сәулет, қала құрылысы туралы» Заңға сәйкесжәне Қазақстан Республикасындағы құрылыс қызметіне сай, құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде бес сатылы бақылау міндетті болып табылады. Яғни, техникалық және сәулеттік қадағалау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жүзеге асырылады. Бақылауды да «Ұлттық жол активтерінің сапасы» орталығыжүзеге асырады. «Ақмола облысындағы жол шаруашылығының сапасы» және асфальтбетонды жабынның, қиыршық тастың және пайдаланылатын басқа материалдардың үлгілерін алу арқылы зертханалық зерттеулер жүргізетін мердігер ұйымдардың зертханалары негізіндебелгіленген талаптарға сәйкестік туралы қорытынды жасалады.Жолдардың сапалы, уақытылы салынып, жөндеуден өткізу мәселесі тұрақты бақылауға алынған.
Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.