Өнім өндірушілерге де, тұрғындарға да тиімді

Өткен сенбіде облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарының, Көкшетау және Қосшы қалаларының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеде облыс диқаншылары 84,0 миллион теңгенің сомасына 70 тонна өнім ұсынды. Тауарлар ассортиментінде қала тұрғындары үшін төмендетілген бағамен қажет нәрсенің бәрі болды. Атап айтсақ, 30,8 тонна ет және шұжық өнімдері, 1,2 тонна балық, 93 мың дана жұмыртқа, 4,7 тонна сүт және сүт өнімдері, 8 тоннадан астам ұн, 16 тоннадан астам картоп, 2 тонна көкөніс және басқа да өнімдер сатылымға шығарылды.

– Мұндай жәрмеңкелер ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін өз өнімдерін сата алатын үлкен мүмкіндік. Қала тұрғындарына да нарықтан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып алатын өзара тиімділігі тағы бар. Мен өндірушілер мен тұрғындардың пікірлерін тыңдадым, болашақта қарастыратын ұсыныстар бар. Сатып алушылар арасында аға буын өкілдері де көп екен, – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, өңір басшысы мұндай іс-шараларда еріктілер қозғалысы қатысуы тиіс екенін атап өтті. Қорғалжын ауданының «Құралай МК» ЖШС өкілі Саят Секеров ет өнімдерін саудаға салса, тағы бір кәсіпкер «Біз сиыр етін 2300 теңгеден сатылымға шығарып, жақсы пікірлер алдық, – деген ойымен бөлісті. Қазан айының соңында Ақмола облысының азық-түлік тауар өндірушілері  Астана қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар