Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Курортты аймақтың дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер бар - АРҚА АЖАРЫ

Курортты аймақтың дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер бар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Бурабай ауданына жұмыс сапары барысында өнеркәсіп нысандары мен әлеуметтік саланы дамыту перспективалары басты назарда болды.

Аймақ басшысы барған әлеуметтік нысандардың қатарында Бурабай кентіндегі кәріз тазарту құрылыстары бар. Бүгінгі таңда үш биореактор, техникалық қызметкерлерге және қазандыққа арналған ғимараттар, төгу коллекторы салынып, жабдықтар орнатылды. Бірақ, осы уақытқа дейін нысанды пайдалануға беру кейінге қалдырылуда. Құрылыс барысында қоқыс шығару үшін қажетті зертхана салынбағаны, ал, қаржыландырудың 95 пайызы игерілгені белгілі болды.

–Кәріздік тазарту құрылыстарының одан әрі жұмыс істеуі үшін су бұру желілерінің, коллектордың және кәріздік сорғы станцияларының құрылысын аяқтау қажет. Сонда біз резервуарларды толтыруды қамтамасыз ете аламыз және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізе аламыз, –деді Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Биданов.

Сондай-ақ, Бурабай кентінде Марат Ахметжанов «Promenade Burabay» сквері мен жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы жүріп жатқан алаңға барды. Жобада 100 орындық амфитеатр, балалар ойын алаңы, веложол, автотұрақ, модульдік дәретханалар, орындықтар, қоқыс салатын жәшіктер қарастырылған. Облыс әкіміне сквердің дизайн-код тұжырымдамасының классикалық, скандинавиялық және жоғары технологиялық нұсқалары таныстырылды. Әкімнің айтуынша, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.  Сонымен бірге, сапар барысында ол ауданның дамуы үшін үлкен перспективалар бар екенін бірнеше рет атап өтті.

Аймақтың даму қорытындылары туралы активпен кездесуде аудан әкімі Арай Садықов баяндады. Ол өңірде теміржол көлігін жөндеу бойынша қызметтер көрсетілетінін, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм саласының басты назарда екендігін атап өтті. – Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 80,9 миллиард теңгені, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 16,9 миллиард  теңгені құрады. Мал шаруашылығы ілгері дамуда, қой, ешкі және жылқы саны артты. Ауданда 5,8 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге биылғы жылы облыстық бюджеттен 5,5 миллиард теңге бөлінді. Әлеуметтік сала да жақсарып келеді. Жыл басынан бері 20,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді,−деді ол.

Алайда, аудандағы басты алаңдаушылық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына байланысты болып отыр. Сумен жабдықтау желілері мен жылу желілерінің шамамен 50 пайызы жөндеуді қажет етеді, су бұру жүйесіндегі жағдай одан да нашар. Мұнда барлығы 97,9 шақырымның 92,9 шақырымы жөндеуге жатады. Орталықтандырылған ауыз сумен 51 елді мекеннің 26-сы ғана қамтылған, ал, бірінде әлі күнге дейін су тасымалданып жеткізіледі.

– Жалпы алғанда, цифрлар ештеңе айтпайды. Олардың халықтың әл-ауқатының нақты өсуін қаншалықты көрсететіні маңыздырақ. Сондықтан, әрбір әкім бірінші кезекте есеп беруші қызметкер емес, құлшыныс иесі болуға тиіс. Мұндайда халықтың шағымдары басты индикатор болып табылады, – деп қорытындылады активті Марат Ахметжанов.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
Наталья ЯКОВЛЕВА,

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар