«Қайырымдылық керуені» байқауына іріктеу басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық керуені» VI республикалық конкурсының басталғаны туралы Ақмола облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының басшысы Сайра Матайбаева журналистерге мән-жайды баяндап берді.

Осыдан алты жыл бұрын қолға алынған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры мен Қазақстанның Іскер әйелдер Қауымдастығының «Қайырымдылық керуені»республикалық байқауы әрі жалғасуда. Жоба биыл алтыншы рет қолға алынып отыр. Мақсат –қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметті мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыссияқты қолдаулар арқылы жүргізетін тұлғалар қатыстырылмайды. 1 қазаннан 20 желтоқсанға дейінгі кезеңде еліміздің барлық өңірлерінде конкурсанттарды іріктеу жұмысы жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздарының есімдері келесі жылы ақпанның соңында Алғыс айту күні қарсаңында белгілі болады.

Қайырымдылық конкурсында лауреаттар бес номинация бойынша анықталады. Олар халықтың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған «Асар», білім беру, экология және абаттандыру саласында туған өлкеге көмек көрсететін адамдарға берілетін «Туған жер», ерікті негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер атқаратын адамдар ие болатын «Мейірім жолында», ерлік іс жасаған, жанкештілік танытқан адамдарғақолдау көрсету мақсатында тағайындалған «Батыл жүрек», БАҚ-та қайырымдылықтақырыбын қозғайтын, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аудартатын журналистерге немесе шығармашылық ұжымға берілетін «Қайырымдылық тарихы» номинациялары.Сонымен қатар, брифингте «Қайырымдылық керуені» республикалық жобасының Ақмола облысы бойынша жетекшісі Раушан Тұранова, осы жобаныңбіздің өңірдегі үйлестірушісі Динара Қабиева, Ақмола облысы Іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі Әсел Махмұтова да сөз алып, анықтамалар берді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар