Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Прокуратураның шараларымен кәсіпкерлерге 7 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды - АРҚА АЖАРЫ

Прокуратураның шараларымен кәсіпкерлерге 7 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

Ақмола облысының табиғатты қорғау прокуратурасы қоршаған ортаға эмиссия үшін салықтың жоғарылатылған сомасын өндіру фактілерін анықтады.

Осылайша, салық 2020 жылғы 8 сәуірде нақтыланған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері бойынша есептелген, алайда 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері бойынша қолданылуы тиіс болған.
Нәтижесінде, қолданылатын АЕК мәндері арасындағы айырмашылық 127 теңгені немесе 2 651 теңгеден 2 778 теңгені құрған.

Салық төлеушілердің бюджетке төленетін міндетті төлем мөлшерін дұрыс есептеу міндеттеріне қарамастан, олар прокурордың араласуына дейін бұзушылықтарды жою бойынша шараларды өз бетінше қабылдамаған.

Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну бойынша 182 кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалып, оларға 7,2 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды, ал салықтарды есептеудің негізсіз тәжірибесі жойылды.

Ақмола облысының прокуратурасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар