Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамыту жолы - АРҚА АЖАРЫ

Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамыту жолы

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік қорға қатысты жұмыстар жүргізу ісі тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептеледі.Біз балалармен осы жұмысты жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамытуға, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттар мен суреттерді қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын түрінде іс-әрекеттерді ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорын дамытады.

Арнайы ойын іс-әрекет және оның мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды қасиетіне қарай ажырату арқылы әр нәрсені танып-білуге үйретеді. Сөйтіп, бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойынды ұйымдастыру барысында тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

Динара МАҚПАНОВА,
«Әсел»  бөбекжайының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар