Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сүйсіндірген «Ханума» - АРҚА АЖАРЫ

Сүйсіндірген «Ханума»

Грузин драматургі А.Цагарелидің «Ханума» шығармасының желісімен қойылған заманауи Поп-Арт стиліндегі комедиясы көкшелік көрерменді мәз-мейрам етіп, күлкіге кенелтті.

Заманауи Поп-Арт комедияның қоюшы режиссері – аталған театрдың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мерғалиева, қоюшы суретшісі – Тимур Коуесов.

Спектакль басталысымен сахнадағы түрлі-түсті бояулар мен ойнақы музыка қалың көрерменнің жанын жадыратып қоя берді. Иронияға толы қызықты қойылым бұрынғы бай князь әулетінің ұрпақтарының кедейленіп қалған отбасындағы әңгімеден басталады. Кедей князь өзіне бай қалыңдық алуды ойласа, Тифлистің бай көпесі ақсүйектермен құда болып, өз мәртебесін асыруды армандайды. Сол үшін сұлу қызы Сонаны өзіқартайып әрі кедейленіп қалған болса да, князьге беруге әзір. Сона болса князьдің жас әрі ақын інісін сүйеді. Кәрі князьді үйлендіру қамына кіріскен қос жеңгетай – Ханума мен Кабатоның бас құдалыққа таласқан қызықтары, кейіпкерлер арасындағы қым-қиғаш қатынастар грузиннің әуезді де ойнақы ән-билерімен өріліп, оқиға желісін ширата түседі. Ақыр аяғында екі жас қосылады, екі жеңгетайдың ойлағаны емес, тағдырдың жазғаны болады. Бәлкім, «жазмыштан озмыш жоқ» деген осы болар.

Қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, сахнадағы ойындарымен баурап алған актерлердің шеберліктеріне тәнті боласың. Бұл қойылымдағы актерлердің ешқайсысын бөліп жарғымыз келмейді. Десе де, басты рөлдегі жеңгетайлар  – Ханума мен Кабатоны ойнаған актрисалар – Майра Бақбердиева мен Эльмира Керімбаеваны сахнадағы қылықтарымен, іс-әрекеттерімен көрерменді күлкіге қарық қылған нағыз сахна шеберлері деп бағалағанымыз жөн шығар. Эльмира жақында «Те-АртКөкше» фестивалінде У.Шекспирдің «Гамлет» спектакліндегі Гертруда рөлі үшін тәуелсіз БАҚ-тың сыйлығын алған болатын.

Ал, спектакльдегі князьВано Пантиашвили – өте күлкілі әрі өте сүйкімдікейіпкер. Оны сомдаған Рамазан Ақтаев әдемі пластикасы мен өзіндік ойнау шеберлігінің арқасында образдықызықты етіп сомдап шықты. Сонымен бірге, князьдің қызметшісі – Тимотэні ойнаған, әртістік энергиясы тасқындаған Еркебұлан Бекеннің ерекше образы мен сахнадағы іс-қимылы көрерменді еріксіз өзіне баурап алды. Сондай-ақ, бай көпес рөлін тартымды етіп жеткізген Айдос Тастаев, князьдің қарындасы Әлия Бисенбаева, екі жасты сомдаған Рысқұл Жаңғазы мен  Әйгерім Смағұлдың да кейіпкерлері қалың көрерменнің зор қошеметіне ие болды.

– Қандай керемет қойылым. Әртістерінің өнеріне тәнті болдым. Спектакльдің кей сәттерінде екі езуімізді жия алмай, ішек-сілем қатқанша күліп отырдым. Көбіне режиссерлер драмалық қойылымдарды көп ұсынып жатады. Соған қарағанда, комедияны алып шығу оңай емес-ау деп ойлаймын. Осындай иронияға, қызыққа толы спектакльдер көп болса, күнделікті күйбең тірліктен шаршаған адамдарбір сәт демалуға театрға келер еді, – дейді Дамир есімді көрерменризашылықпен.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған қойылымның бір деммен қалай лезде өтіп кеткенін байқамай қалған қалың көрермен спектакльден кейінгі ыстық атмосфераны қимай тарқасты. Браво, Маңғыстау театры!

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар