Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Құтқарушы күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Құтқарушы күнімен құттықтауы

Құрметті құтқарушылар, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері және ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құтқарушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер кез-келген төтенше жағдайда бірінші болып көмекке келетін, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғайтын, қиындыққа батылдықпен қарсы тұратын және бір-біріңіздегі жауапкершілік мен сенімділікті барлығынан жоғары бағалайтын адамдар тобына жатасыздар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамандыққа адалдық, ерлік пен кез-келген сынаққа дайын болу төтенше жағдайлар қызметінің мамандарына қойылатын басты талап екенін атап өтті. Бүгінде құтқарушы мамандығының беделі артып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен сала қызметкерлерінің еңбекақылары да көтерілуде.

Бірақ, сіздер үшін басты марапат – құтқарылған адам өмірі. Табиғи және техногендік апаттар кезінде, күнделікті қиын жағдайларда сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ал, сіздер өз ерліктеріңізбен тәртіптіліктеріңіз ,асқан төзімділіктеріңіз бен құтқарушылар арасында кездейсоқ адамдар жоқ екенін күн сайын дәлелдейсіздер.

Аймағымызда бұл ізгі кәсіптің өкілдеріне деген көзқарас қашанда ерекше. Қазақстанның жер-жеріндегі және шетелдегі жүздеген құтқарушылар еліміз бойынша осындай бейіндегі жалғыз оқу орны – Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының түлектері. Мамандарды даярлауда, оларға орасан зор тәжірибелері және білімдерімен көмектесуде, ең қиын мамандықтардың бірінің дәстүрі мен рухын сақтауда сала ардагерлерінің рөлі орасан.Сол үшін сіздерге мың рахмет!

Осы мереке күні адал еңбектеріңіз үшін шын жүректен шыққан алғысымды қабыл алыңыздар! Сіздерге зор денсаулық, табандылық және кәсіби қызметте табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілеймін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

1995 жылдың 19 қазанынан бастап жыл сайын біздің елімізде адам өмірін құтқару жөніндегі жоғары және жауапты миссияны табандылықпен орындайтын, өз ісіне шынайы берілген ержүрек қызметкерлердің мерекесі – Құтқарушы күні атап өтіледі.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмыс азаматтық қорғау органдарының қызметінде ерекше маңызды болып табылады. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер, психологтар, диспетчерлер, ұшқыштар және жүйенің басқа да мамандары күн сайын төтенше жағдайларға төтеп береді, өрт сөндіру жұмыстарын жүргізеді, адамдар мен мүлікті құтқарады, халықтың бейбіт өмірін, тұрмыста және өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өз бастарын қатерге тіге отырып, бұл кәсіп иелеріқызметтікборышынадалорындайды. Өздерінің жеке тәртібі мен жоғары ұстамдылығымен құтқарушылар өз араларында кездейсоқ адамдардың жоқ екенін дәлелдеуде.  Олар үшін қашанда басты марапат – құтқарылған адам өмірі.

Сонымен бірге, төтенше жағдайлар жүйесі үшін мамандар даярлайтын бас оқу орны – Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы біздің Ақмола облысының орталығы  Көкшетау қаласында орналасқандығы мақтан тұтарлық жәйт.

Құрметті Қазақстан Республикасы құтқару қызметінің қызметкерлері мен ардагерлері!

Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Осы мереке күні күнделікті қауіпті де тынымсыз еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс сөзімді қабыл алыңыздар. Сіздерге шын жүректен тілерім, рухтарыңыз берік, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының дамуы мен тыныштығы жолындағы кәсіби еңбектеріңіз табысты болсын!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар