Қарттарымызға қамқорлық оларды елеп-ескеруден тұрады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласындағы «Үміт-Шаңырақ» қарттар үйіне барып, осы мекемеде тұрып жатқан жандардың хал-жағдайымен танысты, сондай-ақ, соғыс және еңбек ардагері Казимир Беймарттың шаңырағында болып, 97 жасқа толуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

− Сіз сияқты адамдардың арқасында біз бүгін ашық аспан астында өмір сүріп, болашаққа жоспарларымызды құрып жатырмыз, − деп атап өтті аймақ басшысы.

Ардагер 1926 жылы 16 қазанда дүниеге келген. Әскери қызметке Тайынша ауылынан шақырылыпты.  Казимир Борисовичтің айтуынша, бір ай Семей қаласында әскери жаттығудан өтіп, содан кейін майданға жіберілген. 1-ші Балтық майданында 1128-ші атқыштар полкінде әскери шайқастарға қатысқан.

Қанды шайқастарда «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Казимир Борисович үшін соғыс Кенигсбергте аяқталды, кезекті рет жараланғаннан кейін госпитальға түсті.

Соғыстан кейін ол машинистің көмекшісі болып жұмыс істеді, темірбетон бұйымдары зауытында және құрылыс комбинатында еңбек жолын жалғастырды, онда ол цех бастығы қызметін атқарды.

Сондай-ақ, бұл күні Марат Ахметжановқарттарды қолдау айлығы аясында «Үміт-Шаңырақ» қарттар үйіне де барды. Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде ардагерлерді мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, жан тыныштығы мен амандық тіледі.

− Сіздерге ең бастысы, мықты денсаулық тілеймін. Сіздер еселі және ауыр еңбегіңіздің арқасында құрметке ие болдыңыз. Өскелең ұрпақ үшін жоғары адамгершілік пен өмірлік оптимизмнің үлгісі болып табыласыздар. Өзінің еңбегімен танылған адам құрметке ие болуы керек. Мемлекет басшысы еңбек адамдары қай жерде, қандай жұмыста істесін, әрқашан назарда болуы керек екенін жиі айтумен келеді. Сондықтан да, мен сіздердің бүгін ғана мерекенің аясында емес, әр күні жүздеріңіздің шат болуын қалаймын, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Жылы жүздесу барысында Айболат Мағзаев алғыс сөз сөйлеп, облыс әкіміне көңіл бөлгені үшін ризашылығын білдіріп, елімізге және облысымызға табыс пен өркендеу тіледі.

Бұдан әрі облыс әкімі қарттардың тұрмыстық жағдайларымен танысты. Бүгінде мұнда 60 адам тұрады. Мекемеде барлығы 21 қызметкер жұмыс істейді. 17 тұрғын бөлме, емдік дене шынықтыру кабинеті, ас блогы, асхана, медициналық кабинет және басқа да қажетті бөлмелер бар.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар