Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экологиялық акция: Щучье-Борабай курорттық аймағынан 100 қаптан қоқыс шығарылды - АРҚА АЖАРЫ

Экологиялық акция: Щучье-Борабай курорттық аймағынан 100 қаптан қоқыс шығарылды

«Бурабай Даму» мекемесінің қызметкерлері Щучье-Борабай курорттық аймағында сенбілік өткізді.

«Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі, «Бурабай даму» серіктестігі қызметкерлері, Ақмола облысының туристік-ақпараттық орталығымен бірлесіп Республика күнін және жоғары туристік маусымның аяқталуын бірлескен сенбілікпен атап өтті.

Абылай хан алқабы мен Көкшетау тауының оңтүстік беткейін қоқыстан тазарту мақсатында «Табиғат – тал бесігің» экологиялық акциясына 65 адам қатысты. Олардың жұмысының нәтижесі – 100 қаптан астам қоқыс жиналды.
Сенбілікке Ш.Уәлиханов атындағы университеттің студенттері де қатысты.
«Туризм факультетінің студенттерімен бірге іс-шараға қатысу, олардың болашақ мамандығына тікелей байланысты болғандықтан, олардың бойына экологиялық тәрбие беріп, табиғатқа баулу мақсатымен келдік», — деп бөлісті Ш. Уәлиханов университетінің оқытушысы Аза Евлоева.
Жыл сайын экологиялық науқан Ақмола облысының туристік-ақпараттық орталығының тарапынан қолдау тауып келеді.
«Осындай іс-шараларға көбірек адамдар қатысады, бұл жақсы жаңалық. Биылғы жылы студенттер тартылды, өйткені экологиялық білім беру – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың құрамдас бөлігі», – дейді Ақмола облысы туристік-ақпараттық орталығының басшысы Данияр Дайыров.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық парк аумағында адам көп жиналатын орындарға 155 темір контейнер орнатылып, тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Сондай-ақ 50 ағаш контейнер, 200 қоқыс жәшігі орнатылды. Биыл демалыс орны мен ұлттық саябақ аумағынан 3000 текше метрден астам қоқыс шығарылды.

«Біз мұнда жұмыс істеп қана қоймаймыз, біз осында тұрамыз! Мұнда біздің отбасымыз бен балаларымыз тұрады. Маусым соңында тазалау біз үшін жақсы дәстүрге айналды. Жақсы ауа-райының арқасында біз тамаша жұмыс істедік. Таудағы тазалық көктемге дейін сақталады деген үміттеміз», — дейді «Бурабай Даму» туризм және маркетинг бөлімінің басшысы Шыңғыс Оразалин.

«Бурабай Даму» ЖШС туризмді дамытумен айналысатын Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық бағынысты ұйым. Ұжым төртінші жыл қатарынан тұрақты өткізіп келе жатқан «Табиғат – тал бесігің» акциясы дәстүрге айналып, Бурабай кенті мен одан тысқары жерлердегі тұрғындардың да қызығушылығын оятты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар