Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әр салада да атқарылған жұмыстар мен нәтижелер  бар - АРҚА АЖАРЫ

Әр салада да атқарылған жұмыстар мен нәтижелер  бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов ауданның ағымдағы жылдың өткен тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңінен баяндап берді.

Биылғы жылы Жарқайың ауданында 31 тұрақты жұмыс орны құрылып, жалпы сомасы 770,5 миллион теңгеге 7 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде 5 жоба іске асырылды. Қазірдің өзінде жүзеге асырылған жобалардың ішінде қуаттылығы 5 мың тонна астық тазарту кешені, ауыл шаруашылығы техникасын сақтауға арналған металл ангар және қуаттылығы жалпы сыйымдылығы 4 мың тонна 3 астық қоймасы бар.

− Бүгінгі таңда 2 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл – 400 сауын сиырға арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысы. Жоба өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, жол бойындағы сервис, яғни, қонақ үй, асхана, көлік жуу, шиномонтаж салу жөніндегі жобаның құны 100 миллион теңгені құрайды. Оның  60 миллион  теңгесі игерілді.   Жобаны пайдалануға беру ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған, − деді Жанболат Хамитов.

Әкімнің мәлімдеуінше, 2023 жылдың басынан бастап аудан бюджетіне 2 миллиард 74,3 миллион теңгеқаржы құйылды.

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудан кәсіпорындары 2 миллиард 365,1 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдерін шығарған және қызметтер көрсеткен. Нақты көлем индексі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,6 пайызды құрайды.

Сондай-ақ, брифинг барысында аудан орталығы Державинск қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқандығы атап өтілді. Жобаны іске асыруға 2023 жылы 450,7 миллион теңге бөлінді. Жобаның түзетуден кейінгі жалпы құны 2 миллиард  329 миллион теңге.

Қазір ауданда «Байсын-А» серіктестігінің мердігерлік ұйымы «Шипур» маркалы су тазарту станциясын сатып алу және жеткізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, жерасты көздерінен Шойындыкөл ауылының ауыз сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту жұмыстары жалғасын табуда.

− Ағымдағы  жылы бұл жобаға 160,6 миллион теңге бөлінді. Су құбырының құрылысы 8,5 шақырымды құрайды. Сонымен бірге, 65 метр тереңдікке екі ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Су тазарту станциясы сатып алынды. Қазіргі уақытта жоба құрылыс материалдары бағасының қымбаттауына байланысты сметалық есептеуді түзету рәсімінен өтуде,  − деп баяндады бұл жұмыстың жайын брифингте аудан әкімі.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар