Обыр ауруы жасарып барады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тоқтар Қоңырбаев және Ақмола облысының штаттан тыс онкологы Болат Әбішевтің қатысуымен қатерлі ісіктің алғашқы белгілері туралы брифингте көп жайдың беті ашылды.

Ақмола облысында 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қатерліісікпен сырқаттанушылық 100 мың халыққа шаққанда 1560 жағдайды құрады.Басымдыққа сүт безі обыры 13,1 пайыз немесе 204 жағдай ие болса, келесі орындарда өкпе рагы, тоқ ішек обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры тұр. Жыл басынан онкологиялық науқастардың саны 10112 адамды құрап, 6,1 пайызға өскен. Қатерлі ісікке шалдыққандардың онкологиялық аурулардан болатын өлім көрсеткіші өткен жылдан 3,8 пайызға төмендеген. Жалпы облыс бойынша онкологиялық диспансерлерге жүгіну 2022 жылғы 35 333 адамнан ағымдағы жылы 36 592 адамға жетті. Мұның бәрі дабыл қағарлық жағдай!

– Қатерлі ісік денеде жасушалардың бөліну механизмінің бұзылуы нәтижесінде пайда болады, содан кейін иммундық жүйе оларды бөтен деп таниды. Ісіктер адам ағзасының барлық тіндері мен мүшелерінде пайда болуы мүмкін, – дейді баяндама барысында Тоқтар Рамазанұлы. – Қатерлі ісіктің ерекше айласы – бастапқы кезеңде жағымсыз белгілердің болмауы, сондықтан, уақытында анықталған онкологиялық белгілер өмірді сақтап қалуы мүмкін. Қатерлі ісіктің айқын белгілері кезінде ісіктерді емдеу қиын, бірақ, ерте диагноз анықталса, онкологияның көптеген түрлерін емдеуге немесе ұзақ ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал ететін факторлар екі топқа бөлінеді. Тұқым қуалайтын және сыртқы факторлар. Сонымен, қатерлі ісік келесі себептерден туындайды: темекі шегу, алкогольді асыра пайдалану, дұрыс тамақтанбау, иондаушы сәулелену, тұқым қуалайтын бейімділік, нашар экология, кейбір тағамдық қоспаларды қабылдау, отырықшы өмір салты,жарақаттар. Сондай-ақ, вирустық қатерлі ісік түрлері бар. Онковирустар – бұл жасушаның белгілі бір түрін зақымдайтын және тіндердің патологиялық трансформация механизмінің іске қосылуын ынталандыратын микроорганизмдер. Қатерлі ісік көбінесе егде жастағы адамдарға әсер етеді, дегенмен соңғы жылдары жастарға қатысты алаңдатарлық үрдіс байқалған. Яғни, обыр жасарып барады. Онкологияның көріністері өте әртүрлі және көп қырлы, бұл ісіктердің кең өзгергіштігімен, адам ағзасының ерекшеліктерімен, аурудың сатысы мен локализациясымен түсіндіріледі. Осы себепті онкологтар барлық белгілерді мұқият зерттейді, бұл диагнозды жеңілдету және емдеудің ең тиімді әдістерін таңдауға мүмкіндік береді.

Ауру себептері байқалған жағдайда не істеу керек? Қатерлі ісіктің алғашқы белгілерінде сіз дереу онкологпен кеңесуіңіз керек. Тұрақты профилактикалық тексерулер, ауруды ерте кезеңде тануға мүмкіндік береді. Ең алдымен, маммография мен флюорографиядан өту керек. Асқазан-ішек ауруларының белгілері анықталса, дәрігер кольпоскопияны немесе фиброгастроскопияны тағайындайды. Дәрігерге баруды кешіктіру тек мәселені нашарлатады. Қазіргі заманғы емдеу әдістері мен хирургиялық араласулар миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалды. Бастапқы кезеңде анықталған ісіктерді жою оңай, ал кейінгі кезеңдердегі қатерлі ісіктерді емдеу қиынға соғады. Сонымен бірге, облысымыздың қатерлі ісіктің алдын алу, диагностикалау, емдеу және оңалту технологияларын жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында республикалық бюджет, облыстық бюджет, МӘМС және «Қазақстан халқына» Қорынан ағымдағы жылға 58 миллион теңге қаржы бөлінсе, 2027 жылға 460 миллион теңге бөлінген.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар