Жұлдызы жанған Жадыра

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен «Үздік жас кітапханашы – 2023» республикалық байқауы өтті. Қазақстанның 14 облысында өткен байқаудың бірінші кезең жеңімпаздары осы қорытынды байқаудың қатысушылары атанды. Аталмыш сайысқа Ерейментау ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Өлеңті ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жадыра Худжанова қатысып, Ақмола облысының намысын қорғады.

Екі күнге созылған байқауда  алдымен,Ұлттық кітапхана басшылығы барлық қатысушыларды құттықтап, қызметтер мен бөлімдер жетекшілерімен таныстырды. Шара барысы түрлі қызықты бағдарламадан бастау алды. «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» жұмысы туралы түсіндірме және «Республикалық жас кітапханашылар ұйымын» құру туралы талқылау жүргізілді. Сондай-ақ, Ұлттық кітапхана бойынша экскурсия өтіп, Дін мен дәстүр залында жас кітапханашылардың қатысуымен ойын-сауықтық бағдарлама ұйымдастырылды. Кездесу соңы тау бөктерінде тимбилдинг бағдарламасымен аяқталды.

Келесі күні республикалық байқау әр қатысушының алдын ала дайындалып, жіберілген кәсіби материалды қорғауы, ұйымдастыру комитеті әзірлеген тапсырмаларды орындауы, кәсіби шеберлік пен дағдыларды меңгеру дәрежесін көрсетуі, туған өлкесіне арналған шығармашылық өнерін паш етуі сияқты кәсіби және шығармашылық бөлімдерден тұратын «Кітапханашы келбеті», «Эссе», «Ой бастар», «Кәсіби баттл», «Туған өлкем – мақтанышым» кезеңдерін қамтыды. Ондабарлық қатысушылар өз біліктеріне сай қабілеттері мен өнерлерін көрсетті.

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмыстары мен өнерлерін бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Өз шығармашылығын паш етіп, кітапхана саласындағы біліктілігін көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан әрі ерекше дараланған Ақмола облысының өкілі Жадыра Сабырқызы Худжановажүлделі 3-ші орынды иеленді.

Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етіліп, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар