Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданған 1990 жылдың 25 қазаны жас мемлекетіміз үшін ерекше күн болды. Мемлекеттің іргелі қағидаттары ретінде оның аумағының бөлінбейтіндігі мен мызғымастығын, қазақ халқы мен Қазақстанның басқа халықтарының төл мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін жаңғырту мен дамытуды, ұлттық бірегейлікті нығайтуды көздеген дәл осы күн егеменді республика тарихының бастау нүктесі болды.

Бүгінгі Қазақстан – нарықтық экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, демократиялық әлеуметтік жүйесі бар заманауи мемлекет. Тарихи қысқа мерзімде еліміз өз дамуында ұзақ та қиын жолдан өтіп, әлемдік қауымдастықтан лайықты орнын алды. Ал, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары халықаралық байланыстарды үдемелі кеңейтуге, саяси жүйені демократияландыруға, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған бағытты жалғастыруда.

Республика күні әрбір қазақстандық үшін көпұлтты халқымыздың бірлігін, туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігін, біздің тарихи ортақтастығымызды білдіретін ерекше мерекеге айналды.

Құрметті жерлестер!

Біздің республикамыздың Тәуелсіздік жылдарындағы табыстары барша қазақстандықтардың, сіздердің әрбіріңіздің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында мүмкін болды. Бүгін біздің алдымызда бәсекеге қабілетті және гүлденген Жаңа Қазақстанды құрудың жаңа өршіл міндеттері тұр. Еңбегіміз бен отаншылдығымыз, ынтымағымыз бен бірлігіміз, толеранттылығымыз бен өзара түсіністігіміз табысқа жетуімізге көмектесетініне сенімдімін.

Осы қасиетті күні мен шын жүректен әрбір ақмолалық отбасына денсаулық, сүйіспеншілік пен бақ-береке тілеймін! Жарқын істер бірлігі жарасқан шаңырағымыз – Тәуелсіз Қазақстанның даңқын арттыра түссін!

Біздің көп ұлтты халқымыз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!

Өткен жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ұлттық мереке мәртебесін алған Республика күнін жаңаша атап өтудеміз.

1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы республикамыздың тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. ҚазКСР-інің егемендігін жариялаған және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін декларациялаған құжаттың тарихи маңызы бар. Онда алғаш рет аумақтардың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, Қазақстан халқының мәдениеті мен тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді. Осы декларацияның арқасында кеңестік заңдардың қолданылуы тоқтатылып, біз өз заңнамамызды шығара бастадық.

Бүгін біз Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, өзін барлық геосаяси процестердің толыққанды қатысушысы, бейбітшілік пен келісімнің тірегі ретінде таныта отырып, өзінің тұтастығын, бірегейлігін сақтап, сонымен бірге, әрбір азаматтың өмір сүру сапасын арттыруда, дамытуда үлкен серпіліс жасай отырып, халықаралық қоғамдастықтағы өз ұстанымын берік нығайтты деп батыл айта аламыз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасыменбүгін біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Бұл жоғары мақсатқа барлық азаматтардың белсенді қатысуымен ғана қол жеткізуге болады.

Құрметті жерлестер! Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қасиетті жерімізде бірлік пен келісімді сақтауға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс пен ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін! Еліміз өркендеп, егемендігіміз нығая берсін! Қазақстан Республикасының,өңіріміздің барша тұрғындарына әр күні ашық аспан мен ынтымақ-береке серік болсын!

Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар