Кітаппен достас, көкірегің ашылады

Еліміздің ұлттық мейрамы – Республика күні қарсаңында және Кітапханашы күні кәсіби мерекесіне орай,аудан және қала кітапханашыларының қатысуымен салтанатты мерекелік кеш болып өтті. Онда облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова құттықтау сөз сөйледі.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Кітап – әр адамның өмірлік досы» демекші, дaнaлықтың қaйнap бұлaғы, биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы – кітапхана ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы негізгі алтын көпір болып келеді.

Кітапханашы мамандығының беделін көтеру және оны кәсіби ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 қазан – Кітапханашылар күніжаңа кәсіби мерекесін жариялауы кітапханашыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін үлкен құрметтің белгісі. Бұл тек кәсіби кітапханашылардың ғана емес, ең алдымен, кітап оқуды жақсы көретін әрі кітапханашының мәдени және қоғамдық өміріндегі орасан зор рөлін түсінетін адамдардың да мерекесі.

Мерекелік шараға арнайы шақырылған кітапхана саласының ардагерлері осы мерекені көптен бері армандағандарын айтып, өздерінің  ізбасарларының жұмысына шығармашылық ізденістер мен табысты еңбек тіледі.

– Сіздерге ғылыми жәнe aғapтyшылық қызмeт жолында хaлықты мәдeни тәpбиeлeуге, рухты ұрпақ өсіруге ықпал етіп, Отанымыздың бай, әрі көрнекті мәдени құндылықтарын дамытудағы еселі еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін, – деген Айгүл Сәбитова кітапханашыларға ризашылығын жеткізді.

Мәдениет қайраткері, кітапхана саласының үздігі Алтын Жағыпарова, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Қуаныш Оспанов және мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподақтар федерациясының Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы Димаш Шалабаев кітапхана саласының қызметкерлеріне жылы лебіздерін арнады.

Мереке қарсаңында кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін облыс кітапханашылары Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың Алғыс хаттарымен марапатталды. Саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан бір топ ардагерлер қауымына гүл шоқтары таратылды. Жас кітапханашылар қазақтың ұлы ақындары Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев шығармашылығынан өлең  оқып, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар