Мерекелік тарту: Зерендіде 15 дәрігер отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Республика күніне орай Ақмола облысының Зеренді ауданында медицина саласының қызметкерлеріне жаңа пәтердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды Kazinform.

Төрт қабатты көппәтерлі тұрғын үй облыстық бюджет қаражаты есебінен салынған.

пәтер
Фото: Зеренді ауданы әкімдігі

Салтанатты шараға аудан әкімі Әсен Жақсылықов қатысып, пәтер иелерін қуанышымен құттықтады.

пәтер
Фото: Зеренді ауданы әкімдігі

Баспаналы болғандардың бірі — оңалту бөлімшесінің санитары, көпбалалы ана Елена Сейілова, ол үш бөлмелі пәтердің кілтін алды.

пәтер
Фото: Зеренді ауданы әкімдігі

Сондай-ақ, аудан әкімнің грантымен білім алып келген жас маман, жалпы тәжірибе дәрігері Зульфия Шолтышева да баспаналы болып отыр.

— Жалпы тәжірибе дәрігерімін. Медициналық білім алу барысында Зеренді ауданы әкімінің грантына ие болып, қалаған мамандығым бойынша білім алдым. Аудан әкімінің гранты да біз секілді жастарға берілген мүмкіндік деп білемін. Алған мамандығым бойынша қызмет ету үшін туған жеріме оралдым. Тәжірибем мен білімім елімнің кәдесіне жарап жатса — мен үшін үлкен мәртебе. Атқарып жатқан қызметімнің арқасында бүгін медицина қызметкерлеріне арналған пәтерге ие болып отырмын. Бұл үкімет тарапынан берілген зор мүмкіндік деп білемін. Сол үшін де баршаңызға алғысымды айтамын. Республика күні құтты болсын, — деп қуанышын бөлісті жас маман.

пәтер
Фото: Зеренді ауданы әкімдігі

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында Республика күніне орай алып ту жайылғанын жазған едік.

үй
Фото: Зеренді ауданы әкімдігі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар