Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кітапқа жазылған ғұмыр - АРҚА АЖАРЫ

Кітапқа жазылған ғұмыр

1970-1982 жылдары Көкшетау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарғанАзнабай Әбілмәжінов өңірдің экономикасын өркендетуде елеулі еңбек сіңірген. Ол тәжірибелі басшы ретінде білікті кадрлармен, депутаттармен және тұрғындармен күнделікті жұмыс жүргізу арқылы ғана барлық шаруаны тиісті деңгейге көтеруге болатынын жақсы түсінген.

 Краснояр қалалық үлгілі кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Азнабай Әбілмәженовтің 100 жылдық мерейтойынаорай жарық көрген «Ғасыр құрдасы Азекең» кітабының тұсаукесері болып өтті.

 1968 жылдың күзінде Көкшетау обкомының бірінші хатшылығына атақты жерлесіміз Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің келуіне орай жергілікті ұлт кадрларының жұлдызы оңынан туып, лауазымды қызметтерге көптеп тартыла басталды. Ерекеңнің тарапынан қолдау-көмекті Азнабай аға да көрді. Сөйтіп, облыстық партия комитеті бюросының ұсынысымен 1970 жылдың қарашасында Азнабай Әбілмәжінұлы Көкшетау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Бұл қызметті Азекең он екі жыл атқарған.

Іс-шараға Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, 100 жылдық мерейтойды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы,Көкшетау қаласы мен Зеренді ауданының құрметті азаматы Шияп Әлиев, Краснояр селолық округінің әкімі Серікжан Мақыш, Зеренді аудандық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Оралбек Бекішев, Краснояр ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Есімбек Әбішев, Азекеңнің әріптес шәкірттері Мағауия Рахымбергенов, Амангелді Шүйкенов, Аутас Қасымжанов, Бопан Кәкиев, Егінбай Жапаров, Жеңіс Шүйкенов және зиялы қауым өкілдері, туыс-туғандары қатысты.

Кітаптың тұсаукесер рәсімінШияп Әлиев пенСерікжан Мақыш жасады.Сөйтіп кітапханамыздың қоры ардақты ардагер, қайраткер тұлға туралы тағы бір жаңа кітаппен толықты. Өз өлкесі мен тұтас елдің дамуына үлесін қосқан осындай тұлғалардың есімі ұмытылмай, өскелең ұрпаққа насихаттала беретін болады.

Гүлжанар БОДАУБАЙ,
Краснояр үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар