Ұлт мәдениеті- рухымыздың темір — қазығы, алтын ордасы.
Аймақ Әбілда
Руханиятымыздың алтын қазығы, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет – ғұрпы, салт – дәстүрі, мәдениеті мен өнері екендігі көпке белгілі. Тек үлкен қала орталықтарында ғана емес, шалғайдағы ауылдардың мәдениеті мен өнерінің жаңғыруы сондағы клубтар мен мәдениет үйлеріне тікелей қатысты. Бурабай ауданының Шиелі ауылдық клубында әр түрлі үйірмелер қызу жұмыс жүргізіліп, ауылдың жастары да,қарттарының да басын қосар нағыз мәдениет ошағына айналды.
2016жылы облыстық «Үздік ауыл клубы» конкурсына қатысып, жүлделі 2 –орынға ие болуы ауыл тұрғындарының қызығушылығы мен белсенділігін арттыра түсті. Енді жастармен қатар әжелер де клуб жұмысының жандануына, ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосуға белсене араласып, әр түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысады
2018жылы наурыз айында «Сәулем – ай» вокалдық әжелер тобы құрылды. Биыл әжелер тобына 5жыл толып отыр.
Топта 9 әнші әже бар, олар:
- Туғынәлиева Қайыржан әже – 2012жылғы аудандық «Әжелер сайысында ең үздік өнер көрсеткені үшін бас жүлде «Супер әже» атағының иегері;
- Жүнісова Роза – 2014жылғы аудандық «Әжелер» сайысының жүлделі 1 –орын, «Парасатты әже» номинациясының иегері;
- Жұмабаева Күлаш -2017жылғы аудандық «Әжелер» сайысының жүлделі 2 –орын алды;
- Сәкенова Айман – аудандық «Әжелер» сайысының жүлделі 2 – орын иегері;
- Қуандықова Күлпаш – 2022 жылғы аудандық «Әжелер» сайысының «Өнерлі әже» атағының иегері;
- Апсеметова Зәуреш – 2023жылғы «Әжелер» сайысының «Мейірімді әже» атағының иегері;
- Токанова Бақыт әже
- Бейсенбаева Айнагул әже
- Дузкейқызы Дамыс — топ жетекшісі
«Сәулем –ай» вокалдық әжелер тобының қоржынында жоғары айтып өткеннен басқа 2018жылғы «Ақмола жұлдызы» көркемөнерпаздар байқауының лауреаты, 2018жылы, «Әнші ауыл» фестивалінің жүлдегері атағы бар
2019жылы облыстық теле арнаның арнайы қонағы болуының өзі қарапайым ауыл әжелері үшін үлкен жетістік, биік мәртебе еді. Әжелер тобы жыл сайынғы көркемөнерпаздар байқауының белсенді қатысушыларына айналумен қатар, облыстық көшпелі концерттерге де қатысып, Көкшетау қаласына, Сандықтау ауданына, Мәдениет ауылына, Веденовка ауылына. Оқжетпес ауылына барып, өнерлерін паш етті. Сонымен қатар Абылай ханның 310жылдығы,Құрманғазы Сағырбайұлының 205жылдығы. Ақан серінің 180жылдығына арналған байқауларға қатысып, дипломмен марапатталды. Бүгінде «Сәулем –ай» вокалдық әжелер тобының репертуарында «Сәулем –ай», Ауылым әнім», «Ауылым», Бейбітшілік сақталады», «Атамекен», «Катюша», «Айналайын», «Аққуым», «Қош келдің жаңа жыл», «Алмалы сай», «Гүлдерайым», «Дедім – ай-ау», « Бүлдірген» және Шәмші Қалдаяқовтың 20-дай әндері бар.
Әншілерге арнайы концерттік киім тіккізді. «Сәулем –ай» вокалдық әжелер тобы болып құрылғанына биыл 5жыл толып отыр. Бір қолмен бесік тербетіп, екінші қолмен әлемді тербеткен» жастарға үлгі – өнеге көрсетіп жүрген әнші әжелерімізді мерекелерімен құттықтаймыз.
Топ жетекшісі Дузкейқызы Дамыс.