Талғат Ерсейітов Астрахан ауданының активіне таныстырылды

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ағымдағы жылдың 5 қарашасында өткен сайлау нәтижелері бойынша Астрахан ауданының әкімі қызметіне Талғат Ерсейітов сайланды.

Аудан тұрғындары сайлауға белсенді қатысты. Сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың келуі 70% -ды құрады. Көпшілік дауыс Талғат Ерсейітовке берілді.
Ауданның жаңа әкімін облыс әкімі Марат Ахметжанов таныстырды.

“Ауданда шешуді қажет ететін проблемалық мәселелер бар. Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын, сондай-ақ халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуін ерекше бақылауға алу қажет. Аудан басшылығына азаматтарымызды толғандыратын маңызды, өзекті мәселелерді шешу бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізу маңызды. Қоғам жағдайының маңызды көрсеткіштерінің бірі азаматтардың өтініштері болып табылады”, – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Талғат Ерсейітов өз кезегінде тұрғындарға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, ауданның одан әрі дамуы үшін жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Ерсейітов Талғат Аманбайұлы, 1974 жылы туған, Астрахан ауданының тумасы. Еңбек жолын 1996 жылы Астрахан ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып бастаған.
1997 жылдан 2007 жылға дейін Астрахан ауданы бойынша Салық комитетінің әртүрлі жауапты лауазымдарында жұмыс істеді.
2007-2009 жылдары Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы.

2009-2012 жылдары-Астрахан ауданы әкімінің орынбасары.
2012-2019 жылдары Астрахан және Есіл аудандарының әкімі болды. 2019 жылдың сәуір айынан бастап Бұланды ауданының әкімі қызметін атқарды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар