Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаржыгерлердің қажырлы қаракетінің салтанаты - АРҚА АЖАРЫ

Қаржыгерлердің қажырлы қаракетінің салтанаты

«Болашақ» сарайында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Азамат Тайжанов Ұлттық валюта — Теңге күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысып, құттықтау сөз сөйлеп,  қаржы саласының бір топ  қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі мен Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

– Құрметті қаржы саласының қызметкерлері! Баршаңызды Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың атынан Ұлттық валюта – Теңге күнімен шын жүректен құттықтаймын! Теңгенің айналымға енгізілуі еліміздің ұлттық нарықтық экономиканы құруда қажетті қадамдар жасауға мүмкіндік берді. Ұлттық валюта енгізілген сәттен бастап бүкіл елмен бірге Ақмола облысы да үлкен табыстарға жетті. Облыстың қаржы саласында қол жеткізілген барлық жетістіктері – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі деп білеміз. Сондықтан, қаржы жүйесінде жауапкершілігі зор, өз ісінің мамандары жұмыс істейді деп сеніммен айта аламын. Кәсіпорындар мен ұйымдардың тұрақты дамуы, аймақтың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын көтеруде сіздердің үлестеріңіз зор. Сіздерді тағы да Ұлттық теңге күнімен құттықтаймын! Еліміздің экономикасы нығайып, төл теңгеміз ел игілігі үшін қызмет ете берсін, – дей келіп, облыс әкімінің орынбасары жиналған қауымға жылы лебізін білдірді.

Биыл біз Ұлттық валюта – теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толуын атап өтіп отырмыз. Ұлттық валюта Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің айғағы, экономикалық дербестігінің кепілі. Теңгенің енгізілуі тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен дамуына оң әсерін тигізді. Экономикалық өсу қарқыны облыстың қаржы ресурстарын ұлғайтып отыр. Қазіргі таңда облыс экономикасындағы банктердің кредиттік салымдарының жалпы көлемі 483 миллиард теңге, аталмыш көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға артық, бұл – 58 мың бизнес субъектісіне 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беріп отыр.

– Мұның барлығы күн сайын мемлекеттің бастамасын іске асыруға және өз клиенттерінің мүдделерін қорғауға белсенді қатысатын банк қызметкерлерінің кәсіби еңбегі деп білеміз. Ақша ресурстарын сауатты жоспарлау және бөлу, олардың сәйкессіздіктерінің тиімділігін басқару, бюджетті толықтыру қаржыгерлер алдындағы жауапты міндеттердің  бірі. Бұл салада қол жеткізілген барлық жетістіктер экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармасы, мемлекеттік кірістер департаменті, қазынашылық департаменті қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі.  Осы орайда, облысымыздың ардагер қаржыгерлеріне алғыс айтамыз. Олардың қатарына Асылхан Зейноллаұлы Оспановты, Құралай Сейітжанқызы Жақыпованы, Наталья Ивановна Финстерле, Наталья Петровна Зозуляны қоссақ әбден лайық. Құрметті қаржы жүйесінің қызметкерлері Сіздерге алдағы уақытта да толайым табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!, – деді Азамат Тайжанов салатанатты шарада сөйлеген сөзінде.

Жиын соңында  өңіріміздің қаржы саласында еселі еңбек етіп жүрген бір топ майталман мамандар марапатталды. Атап айтар болсақ, «Қазақстан Республикасы қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен Ақмола облыстық қаржы басқармасының жергілікті бюджеттердің нақты саласындағы шығыстардың орындалуын қабылдау бөлімінің басшысы, қаржы саласында 40 жыл еңбек өтілі бар, майталман маман Анар Абдуллина марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы «Ұлттық банкі» Ақмола филиалы директорының орынбасары Талғат Құсмет, осы Банктің Ақмола филиалының персоналмен жұмыс жөніндегі бас маманы Шынар Бексейітова, «Халық банкі» Ақмола филиалының қауіпсіздік бөлімінің бастығы Болат Әбілұлы және тағы басқалары Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

                                                             Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі. 

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар