Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әрбір жас өзінің мүмкіндігін көрсете алады - АРҚА АЖАРЫ

Әрбір жас өзінің мүмкіндігін көрсете алады

«Достар» мәдениет сарайында «Өз таңдауыңды жаса» бағдарламасы аясында жастарға арналған іс-шара болып өтті. Шара барысында қаладағы оқу орындарының бірінші курс студенттері жастар ұйымдарының жұмысымен танысып, өз бағыттарын таңдау мүмкіндігіне ие болды.

Еліміз Тәуелсіздік алғалы Ақмола облысында 130-дан астам, ал, облыс орталығы Көкшетау қаласында 35-тен астам жастар бірлестіктері мен ұйымдары бар. Олардың қызметі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған.

Жастар бірлестіктері мен ұйымдары мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен бір бағытта жұмыс жасайды. Шара аясындағы бағдарлама облыстың жастар саясаты мен студенттік ортасына бейімделуге көмек көрсету, түрлі бағыттар бойынша белсенді студенттермен жұмыс ұйымдастыру, құқықтық сауаттылықты, салауатты өмір салты мен қоғамдық белсенділікті насихаттау, облыстық жастар-ресурстық орталығы қызметінің жалпы жоспармен таныстыруға бағытталды. Бұл шара жыл сайын жастар орталығының ұйымдастыруымен өтуде. Оған «Kazmed Jastary» республикалық медициналық жастар қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан студенттерінің Альянсы»  Ақмола облыстық филиалы,  «Зияткер»,  «Молод»  дебаттық клубтары, «Зерделі ұрпақ» жастар бірлестігі, Ақмола облыстық «Думан» педагогикалық жасағы,  «Феникс»  еріктілер орталығы, «The Legacy Show»  би студиясы, «AMANAT»  партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы, «Правда»  жастар клубы, «AMANAT» волонтерлік орталығы, «Aqmola breaking» брейкинг мектебі және  тағы басқа ұйымдар қатысты.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев  студенттерді жастар саясатының дамуына атсалысуға және жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің қатарына қосылуға шақырса, жастар ұйымдары өздерінің қызметтері жайлы ақпарат беріп, жақсы істердің жанашыры болуға ниет білдірді.

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков өз сөзінде:

–Мұнда әр адам өзінің ішкі қабілеттерін аша алады. Сондай-ақ, әр ұйымның өзінің арнайы міндеттері бар.  Бұл іс-шараның басты мақсаты жастар қоғамдық бірлестіктері өздерінің атқаратын қызметтері туралы баяндап, жастардың қызығушылықтарын ояту болып табылады, -– деді.

Шара соңында студенттер арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар