Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Рухы биік елдің алар асуы көп - АРҚА АЖАРЫ

Рухы биік елдің алар асуы көп

Қазақ халқы ежелден бар байлықтан рухани құндылықты жоғары қойған. Тәрбие – тал бесіктен» деген қағидатқа сүйенетініміз де, тылсым дүние есігін ашқан сәттен-ақ, бала тәрбиесіне аса мән беретініміз де содан.

Қалай дегенмен, адамға орта өз әсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Сол себепті де,  болмысы биік, рухы мықты ұрпақ тәрбиелеуіміз үшін барынша қолдан келген бар жағдайды жасауымыз қажет. Себебі, рухы биік елдің еңсесі де биік болары сөзсіз. Ал, болашақ жастардың қолында.

Көкшетау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметі осы салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Мекеменің негізгі міндеті – халықтың барлық топтары үшін мәдени іс-шаралардың жалпыға бірдей қолжетімділігін және оларды мәдени өмір ортасына тартуды қамтамасыз ету.

Оны жүзеге асыру мақсатында қалада төрт клубтық мекеме, 12 кітапхана жұмыс істейді.  100  клубтық құрылым  құрылып, оларға 3 мыңнан астам адам тартылды. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен биін дамыту және танымал ету мақсатында қалада «халықтық» атағы бар 14 өнер ұжымы жұмыс істейді, онда ән мен күй және бимен 1500 адам айналысады.

Жыл басынан бері мәдениет мекемесі 700 мыңнан астам көрерменді қамтыған 2194 іс-шара өткізді.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында мәдениет бөлімі көптеген тың жобаларды қолға алды. Солардың бірі «Talant time»  жобасы. Жобаның мақсаты – білім мен өнер және спорт салаларындағы жас таланттарды анықтау. Жобаның тұжырымдамасы негізінде дарынды балалар тікелей эфирде өздері туралы әңгімелеп, әдебиет, би, сурет салу, шет тілі, музыка және ментальды арифметика бойынша шығармашылық қабілеттерін көрсетеді. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап телебағдарламаға 20-дан астам қатысушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Ағымдағы жылдың қазан айында «Достар» мәдениет сарайында «Talant time»  жобасының кезекті түсірілімі өтті. Дарынды балалар өздерінің вокалдық және әртістік қабілеттерін көрсетіп, ән айтып, өлең оқыды. Олардың қатарында «Шабыт» білім және шығармашылық орталығына қатысып жүрген,  ән айтып, би билеуді ұнататын  алты жасар Жетібай Айлара да бар. Жобаға қатысқан ең кішкентай талант иесі Айлараға ұйымдастырушылар «Talant time»  медалін табыстап, естелік сыйлықпен марапаттады.

Мәдениет пен тіл қашанда бірін-бірі толықтырып тұратын егіз ұғым. Олардың ел дамуына қосар үлесі шексіз. Халықтың арасында мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту бағытында да мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Басқарма жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесін арттыруды жүзеге асыру мақсатында 50 оқу тобы құрылды, онда 670 тыңдаушы атап айтсақ, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, түрлі этнос өкілдері тіл үйренуде.  Мамандар тыңдаушылар  арасында ауызекі сөйлесу қабілеттерін дамытуға баса мән береді. Осы мақсатта тілдерді оқыту орталығында «Сөйле KZ» клубы жұмыс істейді, оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері қызығушылықпен қатысады. Орталық оқу-әдістемелік материалдарды  әзірлеумен де айналысады.   Қазақ тілін оқытатындар үшін ашық сабақтар, диктанттар мен баяндамалар жинақтары, тілдік мәтіндер, салалық сөздіктер құрастырылған.

Мекеме қызметінің тағы бір маңызды міндеті  салауатты өмір салтын насихаттау және халық арасында бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Бір ғана мысал, Көкшетау қаласында 328 спорт нысаны салынып, жұмыс істеп тұр. Соңғы жылдары қаланы абаттандыру аясында 10 ашық спорт алаңы пайдалануға берілді. Жасалып жатқан игі шаралар салауатты өмір салтын ұстанған халықтың санын арттырып, дене шынықтырумен және спортпен айналысқысы келетіндер қатарының айтарлықтай өсуіне ықпал етіп отыр. Қазіргі уақытта қала халқының дені дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысады. Қалада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тұрғындар арасында әртүрлі марафондар, кросстар, спорттық жарыстар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Мәселен, қазан айында Қопа көлінің жағалауында «Белсенді жүру – өмірді сүю» атты скандинавиялық  серуендеу бойынша қалалық денсаулық фестивалі өтті. Спорттық мерекеге 300-ден астам адам, скандинавиялық жаяу жүру әуесқойлары, сондай-ақ, дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысатын зейнеткерлер қатысты.

Қазіргі таңда біздің бөлім жұмыс жоспарына сәйкес мәдени-ағарту және спорт мекемелерінің халықты идеологиялық, эстетикалық, рухани-адамгершілік, спорттық тұрғыда шыңдап, тәрбиелеу жолындағы рөлін арттыру мақсатындағы жұмыстарды одан әрі тың серпінмен жалғастыра түсуде.

                                                                                         Күнім УРАЗБАЕВА,
    Көкшетау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар