«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы 2023 жылғы 22 қарашада сағат 11.00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) шақырылсын.
Сессияның қарауына «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 7С-23-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сұрақ және басқа да сұрақтар енгізіледі.
А. Балташева,
Ақмола облыстық мәслихаты төрағасының м.а.