Ауданда сүт зауыты ашылды

 Елордамен іргелес ауданда сүт өңдеу кәсіпорнын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру өз мәресіне жетті.

«Моя ферма» деген атаудың өзі жер учаскелері ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына пайдаланылатын, адамдар егін егіп, мал өсіретін орынды елестетуі мүмкін. Алайда, аудан тұрғындары «Моя ферма» деген тіркесті йогурт, қаймақ, сүт және басқа да өндірушілердің өнімдерімен байланыстырады.

«Нұрлы» ӨК-те осы аттас сүт зауытының салтанатты ашылуы өтті. Жобаның тұсаукесер рәсімін кәсіпорын директоры Қуаныш Найман қысқаша сөзбен  ашты.

– Зауыт бес айда салынды. Жобаның құны 130 миллион теңгені құрады. Жабдық сатып алынды. Қазіргі уақытта іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Зауыт тәулігіне 3000 тоннаға дейін сүт өңдей алады. Бүгінгі күні бұл көлем тәулігіне 1200 литрді құрайды. Өндірісте
13 жұмыс орны құрылды, – деді ол. Өз кезегінде аудан әкімі Бахыдбек Оспанбеков:

– Біз әрқашан тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға мүдделіміз және барлық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсетуге дайынбыз. Бізде кәсіпкерлік пен экономиканы дамытуға қолайлы жағдайлар жасау үшін барлық қажетті ресурстар мен әлеует бар. Өздеріңіз білетіндей, соңғы 5 жыл ішінде «Моя ферма» ЖШС өнімдері бізді барлық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сүйемелдейді. Бұл сіздердің ауыл экономикасы мен ауыл шаруашылығы секторын дамытуға қосқан үлестеріңіздің дәлелі, –деп атап өтті.

Зауыттың салтанатты ашылу рәсімінен кейін сүт зауытына саяхат жасалып, өз кезегінде ол сапасымен қуантқан өнімнің дәмін татумен жалғасты.

«Моя ферма» компаниясы сүт, айран, май, қаймақ, йогурт, сүзбе және тағы басқа да экологиялық таза әрі сапалы өнімдер шығарады. Бүгінде ол елордалық «Фермаг», «Вкусмарт», «Гастроном», «Aqmol», «Ecoshop», «Eco №1», «Interfood», «Galmart» дүкендерінің сөрелерінде ұсынылып, оған қоса ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерінде сатылады. Болашақта сату аясын кеңейту жоспарлануда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар