Бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылды

Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері білім беру саласындағы мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмаларды орындау қорытындыларын қарады.

Комиссия төрайымы Айнагүл Балташева атап өткеніндей, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап депутаттар осы комиссия мен «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының отырыстарында атқарушы органдар мен депутаттық корпустың бірлескен іс-қимылын талап ететін проблемалық мәселелерді бірнеше рет көтерген болатын. Бұл облыстың он мектебінде аяқталмаған жөндеу жұмыстары, оқушыларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету, қала сыртындағы сауықтыру орталықтарының жұмысы, қаражаты жетіспейтін шағын ауылдық колледждердің қызметі, жалпы білім беретін мектептерді аттестаттау, лицензиялау және басқа да сұрақтар.

Отырыста тапсырмаларды орындау бойынша қандай жұмыс жүргізілгені туралы білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин баяндады. Ағымдағы жылы 38 жалпы білім беретін мектепке күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен 7 914,1 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде 15 мектеп «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасына кірді, 23 мектепте жөндеу жұмыстары облыстық бюджет есебінен жүргізілуде. Бүгінгі таңда 38 мектептің 35-інде жөндеу жұмыстары аяқталды, 3-еуінде аяқтау сатысында. Сондай-ақ, 26 жоба екі жылдық болып табылады. 10 нысан бойынша мердігерлер жұмыстарды орындау мерзімін бұзғандықтан, сотқа шағымдар түсірілді.

Сондай-ақ, білім басқармасының басшысы қосымша білім беру объектілерінің мемлекеттік тапсырысын іске асыру, үйірме жұмыстары мен спорт секцияларын ұйымдастыру, балалардың сауықтыру ұйымдарының ағымдағы және күрделі жөндеулерін уақтылы қаржыландыру және балалар лагерьлеріне бейнекамералар сатып алу бойынша бюджет қаражатын бөлу туралы айтып берді.  Ол сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Жол картасы міндеттерін орындау, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру туралы баяндады.

«Жалпы, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының тапсырмаларын іске асыру бойынша жұмыс білім басқармасының тұрақты бақылауында және одан әрі жалғастырылатын болады», – деп сендірді Ш.Оразалин.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар