Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының Полиция департаментінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының Полиция департаментінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысы ПД қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің бірқатар басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Степногор қалалық Полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Талғат Әбдірахманұлы Сақанов тағайындалды. Ол бұрын Қосшы қаласының полиция бөлімін басқарған.

Талғат Әбдірахманұлы 1973 жылдың 25 наурызында Ақмола облысы Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1996 жылы Ақмола облысының Егіндікөл ауданы бойынша МТКБ қызметкері болып бастады. Сол жылы ол кіші жедел уәкіл лауазымына тағайындалды және әр уақытта әртүрлі жедел қызметтерде жұмыс істеді. Целиноград аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, Егіндікөл және Астрахан аудандарының полиция бөлімдерін басқарды. 2021 жылы Қосшы қаласы полиция бөлімінің басшысы болды.

Степногорск қаласы полиция басқармасының жеке құрамына жаңадан тағайындалған басшыны ПД бастығының орынбасары полковник Б. Е. Ералин таныстырды.

Полиция департаменті
Фото: ПД баспасөз қызметінен

Сонымен бірге, Қосшы қаласы полиция бөлімінің бастығы лауазымына Ішкі істер органдарында 30 жылдан астам қызмет атқарған полиция полковнигі Азамат Тәшкенбайұлы Аушәкімов тағайындалды.

Азамат Тәшкенбайұлы Ішкі істер органдарында қызметін ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің курсанты болып бастады. Кейін Көкшетау облысы ІІБ Щучье ҚІІБ жедел уәкілі, содан кейін тергеушісі болып істеді. Әр уақытта тергеуші, аға тергеуші, Астрахан АІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, Анықтау және Тергеу басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

Сонымен бірге ПД Анықтау басқармасын, Целиноград ауданының полиция бөлімін басқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шортанды аудандық полиция бөлімін басқарды.

Ал, Шортанды аудандық полиция бөлімі бастығы лауазымына полиция полковнигі Ерлан Қалиұлы Оразбаев тағайындалды.

Ерлан Қалиұлы 1979 жылы 22 тамызда Ақмола облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітіргеннен кейін, 2000 жылы қызметін Қарағанды облысы Нұра ауданының ӘПБ учаскелік инспекторы қызметінен бастады. Әр уақытта жедел және тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеді, Қарағанды облысы ІІД Приозерск қаласының Ішкі істер бөлімін, Қарағанды қаласы ІІБ Киров полиция бөлімін, Нұра ауданының полиция бөлімін басқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы лауазымында болды.

Қосшы қалалық және Шортанды аудандық ПБ жеке құрамдарына жаңа басшыларды Ақмола облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары полковник С. Әбутәліпов таныстырды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының Егіндікөл ауданына жаңа әкім тағайындалғанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар