ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісуі бойынша Ақмола облысы әкімінің өкімімен Ардақ Смайылов Бұланды ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ардақ Дулатұлы Смайылов 1969 жылы Алматы қаласында туған. «Агрономия», «қаржы және кредит», «заңтану» мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.
1994 жылғы тамыздан бері кеден органдарында жауапты қызметтер атқарды.
2015 — 2017 жылдары Алматы облысы әкімінің аппаратында талдау бөлім меңгерушісі, 2020 жылғы қазанға дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып істеді.
2020 — 2022 жылдары — Бурабай ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2022 жылғы қыркүйектен бері Бұланды ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының Полиция департаментінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болғанын жазған едік.