Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отбасындағы жайлылық – қоғамдағы тыныштық кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Отбасындағы жайлылық – қоғамдағы тыныштық кепілі

Ақмола облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Әбутәліпов отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.

 Облыс аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері азаймай тұр. Арты өкінішке әкеліп соғатын жағдайлардың алдын алып, қылмыскерлердің де, жәбірленушілердің де санын азайту мақсатында заңнамаға өзгертулер енгізіліп, жаза күшейтілуде. Дегенмен, жыл басынан бері отбасындағы жанжалдың салдарынан алты әйел көз жұмды. Осыған орай, маусымнан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушыларға қолданылатын жаза күшейтілді. Мәселен, бұрын күш көрсеткен адамға қарсы жәбірленушінің шағымдануы міндетті болса, бұдан былай жәбірленуші тараптың хабарынсыз-ақ, тәртіп бұзушы жауапқа тартылады. Ол үшін үшінші жақ, яғни, туған-туыс, көрші-қолаңнан келіп түскен хаттама жеткілікті. Орта дәрежедегі қылмыстарға жеке бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық бір күнде орын алмайды. Сондықтан, отбасында кішігірім жанжал болғанның өзінде дабыл қағу қажет. Ал, полицейлер ол отбасылардың бірде-бірінен бұрын-соңды шағым түспегенін айтады. Яғни, біздің адамдар қоғам талқысынан айналып өтіп, таяқты үнсіз қабылдауға еті үйренген.

−Егер отбасында жанжал, зорлық болып жатса, оны жасырудың қажеті жоқ. Әр үйдің өзінің учаскелік полиция инспекторлары бар. Біз қазір қоғаммен ашықпыз. 102 хабарламасы бар. Соған хабарлауға болады. Қазір айтылмаса да, кейін көршілері, басқа да азаматтардан ол ақпарат түседі,−деді басшының бірінші орынбасары.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілгені анықталса, жәбір көрсетуші 15 тәулікке, ал, егер жағдай қайталанса, 20 тәулікке қамауға алынады.

«Құдай сақтансаң, сақтайды» демекші, басқа салғанға көне бермей, дер кезінде әрекет еткен абзал. Себебі, кейін бұл жәбіленушінің өміріне  үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар